Қалаларға шоғырлану

Астанада бөлшек сауда тауар айналымы 19 пайызға көбейді

2014 жылғы қаңтар-шілдеде бөлшек сауда тауар айналымының жалпы көлемі барлық өткізу арналары бойынша нақты бағамен 332821,0 млн.теңге құрады және 2013 жылғы сәйкес кезеңмен са-лыстырғанда салыстырмалы бағада 19%-ға көбейді, деп Астана қаласының статистика агенттігі хабарлады.
Нұр-Сұлтан24 Тамыз , 14:07

2014 жылғы қаңтар-шілдеде зат, аралас және азық-түлік тауарлар базарларының, сондай-ақ жеке кәсіпкерлік қызметпен шұғылданатын жеке тұлғалардың сауда айналымы 104367,5 млн.теңге құрады, бұл салыстырмалы бағамен есептегенде өткен жылғы сәйкес кезеңнен 23,3%-ға жоғары.

2014 жылғы қаңтар-шілдеде ресми тіркелген кәсіпорындардың бөлшек сауда тауар айналы-мының көлемі 228453,4 млн.теңгені құрады, бұл 2013 жылғы сәйкес кезең деңгейінен салыстырмалы бағамен есептегенде 17,2%-ға жоғары.

Көтерме сауда жүйесі арқылы 2014 жылғы қаңтар-шілдеде 1392445,8 млн.теңгенің тұтыну тау-арлары мен өндірістік-техникалық бағыттағы өнімдері сатылды, бұл - өткен жылғы сәйкес кезең көлемінен 2,6%-ға жоғары.

Қоғамдық тамақтандыру қызметі 15917,0 млн.теңгеге көрсетілді, бұл 2013 жылғы сәйкес кезең деңгейінен 20,1%-ға жоғары.

Автомобильдер мен мотоциклдерге техникалық қызмет көрсету және жөндеу бойынша қызмет көрсету көлемі 2739,8 млн.теңгені құрады, бұл 2013 жылғы сәйкес кезең деңгейінен 55,8%-ға жоғары.

 




Яндекс.Метрика