Өңірлер

ШҚО-да өткен халықаралық жәрмеңкеге 4 елдің мал өсірушілері қатысты

Шығыс Қазақстан облысының Абай ауданы Қарауыл ауылында жыл сайынғы «Шыңғыстау жәрмеңкесі – 2014» республикалық жәрмеңкесі өтті, шараға 6 өңірден және 4 шет елден келген өкілдер қатысты.
Шығыс Қазақстан24 Тамыз , 13:31

ШҚО ақпараттық орталығы хабарлағандай, шараның мақсаты – ет өнімдерінің шығынын келісімді түрде өндіру  үшін өндірушілермен тікелей келісім шарт орнату.

««Шыңғыстау жәрмеңкесі – 2014» жәрмеңкесінің қорытындыларын шығару үшін аймақ басшысы Бердібек Сапарбаев қатысты. Бұл шараны аймақ басшысы республиканың өзге өңірлерімен ынтымақтастық орнату мақсатында ұйымдастырған болатын. Оның ішінде белгілі аймақтар: Алматы, Қарағанды, Павлодар жақын көршілер Алтай, Моңғол Халық Республикасы, Қытай Халық Республикасы және Біріккен Араб Әмірлігі.

Жәрмеңкеге 119 шаруашылықтың  215 бас ірі қара мал өнімдері,1000 қой мен ешкі, 50 бас жылқы малы шығарылды. Мал шаруаларынан 3 850 ірі қара мал, 71 100 қой, 300 бас жылқы малын өсіру ұсынылды. 




Яндекс.Метрика