Бюджет саясаты

Мәжілісте 3 заңжоба таныстырылады

Мәжілісте 2014-2016 жылдарға арналған 3 бюджеттік заңжобаның таныстырылымы өтеді, деп хабарлайды ҚР Парламенті Мәжілісінің баспасөз қызметі.
Астана қаласы10 Қыркүйек , 09:12

Сейсенбі,10 қыркүйек күні, Мәжілісте еліміздің Экономика және бюджетті жоспарлау министрлігі:

«2014 - 2016 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы», «Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2014-2016 жылдарға арналған кепілдік берілген трансферт туралы» және «Республикалық және облыстық бюджеттер, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттері арасындағы  2014-2016 жылдарға арналған жалпы сипаттағы  трансферттердің көлемі туралы» заң жобаларының таныстырылымын өткізеді.




Яндекс.Метрика