Шағын және орта бизнесті дамыту

Алматы облысының тұрғыны бал бизнесін ашты

Алматы облысының тұрғыны Наталья Ковтун «Даму» КДҚ қолдауымен «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы арқылы бал бизнесін ашты, деп хабарлайды «Даму» КДҚ баспасөз қызметі.
Алматы19 Тамыз , 00:00

Н.Ковтун бал шаруашылығы өнімдері мен өсімдік майлары негізінде табиғи косметика жасаумен айналысады. 
«Енді мен «БЖК-2020» бағдарламасы аясында кәсіпкерлерге қаржылай және қаржылай емес көмек туралы жақсы білетін болдым және болашақта оны міндетті түрде қолданатын болам. Кәсіпкерлерге қолдау көрсету орталығының Алматы қаласындағы филиалы арқылы жүйелі түрде маған сервистік қызмет көрсетіліп тұрады. Менің өнімдеріме сұраныс арта түскеннен кейін оған тиісті сертификат алатын да кез жетті. КҚО кеңесшілері менің косметикалық майларымды сараптаудан өткізу жұмыстарын ұйымдастырып, олардың сапасы мен қауіпсіздігін растайтын қажетті құжаттарды алуға көмектесті», - дейді кәсіпкер. 
Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан бойынша «Даму» қорының 16 өңірлік филиалдары жұмыс істейті. Олардың негізгі міндеті Қазақстанның шағын және орта бизнесінің сапалы түрде дамуына қолғабыс болу. 




Яндекс.Метрика