Денсаулық сақтау саласындағы негізгі басымдықтар

Қазақстандағы медициналық ұйымдар аккредиттеуден жаңа стандарттар бойынша өтеді - Денсаулық сақтау министрлігі

Үстіміздегі жылдың қыркүйегінде медициналық көмектің қолжетімділігі мен сапасын арттыру мақсатында амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін емдеу ұйымдарын жаңа ұлттық стандарттар бойынша аккредиттеу басталады, деп хабарлады Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі.
Казахстан09 Қыркүйек , 18:19

«Медициналық көмектің қолжетімділігі мен сапасын арттыру мақсатында амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін емдеу ұйымдарын жаңа ұлттық стандарттар бойынша аккредиттеу басталады», - делінген мәлімдемеде. 

Сонымен қатар, 2013 жылдың ақпан айында денсаулық сақтаудың сапасы бойынша Халықаралық қоғамдастықтың Атқарушы комитеті (ISQua) амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін медициналық ұйымдарды аккредиттеудің жаңартылған ұлттық стандарттарын халықаралық қауіпсіздік нормалары мен сапасына сай деп таныды. 

Министрліктің мәліметінше, биыл республикада бастапқы медициналық-санитариялық көмек көрсету бойынша мемлекеттік тапсырысты орындауға 464 ұйыммен келісім-шарт жасалды, оның ішінде 67-сі жеке медициналық ұйымдар. 

Жалпы алғанда, амбулаториялық-емханалық ұйымдарды қаржыландырудың тетігінің өзгеруі және жан басына шаққандағы кешенді нормативті енгізу шеңберінде 2014 жылдан бастап медициналық қызмет көрсетушілер арасында бәсекелестікті дамытуға жағдай жасалады. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (ТМККБК) шеңберінде қызмет көрсетуге жекеменшік ұйымдар белсенді тартылады.

Осылайша, ТМККБК көрсетуге үміткер жекеменшік медициналық ұйымдар саны артып, халыққа көрсетілетін медициналық көмектің қолжетімділігі мен сапасын арта түседі. 

Аккредиттеуден өтуді жөн көрген жекеменшік ұйымдар Аккредиттейтін органға өтінім бере алады. Алайда, олар алдымен өз мамандарын жаңа стандарттардың талаптарына сай оқытып, әзірлік жұмыстарын жүргізуі тиіс, деп түсіндірді министрлік. 

Аккредиттеудің басты талаптарының бірі - бейінді медициналық көмектің стандартына сәйкес келуі. Стандарт бойынша емдеу мекемесінің мамандары, медициналық жабдықтармен және дәрілік заттармен қамтылуы, медициналық және фармацевтикалық қызметкерлердің біліктілік талаптары сапалы медициналық қызмет көрсете алатындай болуы керек. 

Мемлекеттік тапсырысты орналастыру кезінде аккредиттелген медициналық ұйымдарға басымдық берілетін болады. 
Жан басына шаққандағы кешенді нормативті және аккредиттеуді енгізу денсаулық сақтау саласында мемлекеттік-жеке серіктестікті дамытуға да жағдай жасайтын болады.
 




Яндекс.Метрика