Денсаулық сақтау саласындағы негізгі басымдықтар

Қазақстанда тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін жеке клиникаларда алуға болады

Қазақстанда жекеменшік медициналық клиникалар мемлекеттік тапсырыс орналастыру конкурсына қатысу арқылы тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде қызмет көрсете алады, деп хабарлады бүгін Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық қызметін бақылау комитетінің төрайымы Лаура Ахметниязова брифингте.
Казахстан06 Қыркүйек , 18:11

«Амбулаториялық-емханалық ұйымдарды қаржыландырудың тетігінің өзгеруі және жан басына шаққандағы кешенді нормативті енгізу шеңберінде 2014 жылдан бастап медициналық қызмет көрсетушілер арасында бәсекелестікті дамытуға жағдай жасалады. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде қызмет көрсетуге жекеменшік ұйымдар белсенді тартылады», - деді Л.Ахметниязова.

Сонымен қатар, ол ТМККБК көрсету үшін жеке медициналық ұйымдар сәйкес органға өтінім беріп, міндетті аккредиттеуден өту керектігін атап өтті. 
                         
"Аккредиттеудің негізгі талаптарының бірі бейіндік медициналық көмек стандартына сәйкесуі болып табылады. Бұл стандарт сапалы медициналық көмекті қамтамасыз етуге қажетті барлық компоненттерден тұрады - бұл кадрлармен, медициналық құрал-жабдықпен жабдықтау, медициналық және фармацевтикалық жұмыскерлердің біліктілігіне талаптар",- деп түсіндірді Комитет басшысы. 

Ведомствоның мәліметінше, биыл республикада бастапқы медициналық-санитарлық көмек көрсету бойынша мемлекеттік тапсырысты орындауға 464 ұйыммен келісім-шарт жасалды, оның ішінде 67-сі жеке медициналық ұйымдар.
 




Яндекс.Метрика