Жаңа бағыттың экономикалық саясаты

Астанада 200-ден астам әлемдік сарапшылардың қатысуымен Дамушы нарықтардың Еуразиялық форумы өтеді – Е.Орынбаев

Дамушы нарықтардың Еуразиялық форумына 200-ден астам сарапшы жиналады. Бұл жөнінде бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында ҚР Премьер-министрінің орынбасары Ербол Орынбаев мәлім етті, деп хабарлайды «Стратегия 2050» ресми сайты.
Астана қаласы09 Қыркүйек , 15:09

«Дамушы нарықтардың Еуразиялық форумы Астанада 10-11 қыркүйекте өтеді. Мұндай форум Қазақстанда және посткеңестік кеңістікте алғаш рет өткізіледі. Еуразиялық форум АҚШ, Еуропа, Азия, Латын Америкасы, Африка және ТМД елдерінің 200-ден астам сарапшысының басын қосады», - деді Ербол Орынбаев.

Қатысушылардың арасында беделді саясаткерлер, белді халықаралық сарапшылар, бизнес өкілдері, халықаралық ұйымдардың жетекшілері бар.

Орынбаевтың мәлім етуінше, форумда Қазақстанның әлемдегі дамыған 30 елдің қатарына кіруге қатысты өзекті мәселелер талқыланбақ.

«Біз форумда Қазақстанның ұзақмерзімді дамуының болашағы мен әлеуеті бойынша кең ауқымды дискуссия болады деп күтілуде. Сарапшылардың ой-пікірлері мен ұсыныстары Қазақстанның 2050 жылға дейін әлемнің дамыған елдерінің қатарына кіру бойынша Үкімет әзірлеп жатқан тұжырымдама жобасын дайындағанда ескеріледі», - деп толықтырды Орынбаев.




Яндекс.Метрика