Мемлекеттік-жекеменшік әріптестігінің жаңа үлгісі - «Қуатты бизнес - Қуатты мемлекет»

Қазақстанда Кәсіпкерлердің ұлттық палатасы құрылды

Бүгін Астанада Өңірлік даму бірінші вице-министрі Қайырбек Өскенбаев және «Атамекен» Одағы» ҚҰЭП Басқарма Төрағасы Абылай Мырзахметов ҚР кәсіпкерлерінің ұлттық палатасын құру туралы ҚР Үкіметі мен «Атамекен» Одағы» ҚҰЭП бірлескен шешіміне қол қойды.
Казахстан09 Қыркүйек , 18:05

Жоғарыда аталған құжатқа қол қойылғаннан кейін КҰП Президиумының бірінші ұйымдық отырысы өтті. Іс-шара барысында Палата Президиумының Төрағасы сайланып, өкілдік мерзімі мен Басқарма мүшелерінің саны анықталды және Палата Төрағасы және Басқарма мүшелері бекітілді.

Сонымен бірге, отырыс барысында Палатаның ұйымдық құрылымы, орталық аппаратының штаттық саны, КҰП Президиумы комитеттерінің саны мен атаулары бекітілді.

Естеріңізге салсақ, «Қазақстан Республикасы кәсіпкерлерінің ұлттық палатасы туралы» Заңы қолданысқа енгізілген күннен бастап КҰП құрылуы мен қызмет етуін қамтамасыз ету үшін бір жыл құрылтай кезеңі және бес жылға дейін өтпелі кезеңі заңмен белгіленген.

Сонымен қатар облыстарда, Алматы мен Астанада 16 өңірлік палата, барлық облыс аудандарында және аудандық маңыздылықтағы қалаларда палата филиалдарын құру, сонымен қатар шет елдерде өкілдіктер ашу заңмен қарастырылған.

Кәсіпкерлердің ұлттық палатасының негізгі қызметтеріне: кәсіпкерлер құқықтарын қорғау және мүдделеріне өкілдік ету; кәсіпкерлік белсенділігінің, өңірлердегі кәсіпкерлік қызмет жағдайының қоғамдық мониторингін жүргізу; кәсіпкерлікті қолдау және дамыту мемлекеттік бағдарламаларына қатысу; отандық өндірісті қолдау және ұйымдардың сатып алуларында жергілікті мазмұндағы үлесті арттыру; техникалық және кәсіби білім беруді дамыту және кадрларды дайындау, қайта дайындау, біліктілікті арттыру, сертификаттау және аттестаттау; кәсіпкерлік субъектілерінің сыртқы экономикалық қызметін ынталандыру, инвестицияларды тарту және экономиканы әртараптандыру міндеттері кіреді. 




Яндекс.Метрика