Үкімет

Премьер-Министр Павлодар облысындағы индустрияландыру нысандарын аралады

Бүгін жұмыс сапарымен Павлодар облысында жүрген ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметов үдемелі индустриалдық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру шеңберінде іске қосылған өндіріс орындарына барды.
Павлодар06 Қыркүйек , 17:49

Үкімет басшысының өндірістік сектор нысандарымен танысуы «Каустик» АҚ-дан басталды. Кәсіпорында каустикалық ұнтақ пен хлор шығару бойынша жаңа технологиялар қолданылуда. Бұл жоба отандық рынок сұранысын каустик бойынша жергілікті химиялық шикізатпен, тұзды қышқыл және натрий гипохлорымен қамтамасыз етуге бағытталған.

Өндірісте қолданылатын жаңа технологиялар өнім сапасына кепілдік береді. 

«Каустик» АҚ-да стенділер арқылы ҮИИД және «Павлодар» АЭА бойынша инвестициялық жобалардың таныстырылуы өтті. 

Өңірде индустриалдық-инновациялық даму бағдарламасы бойынша 82 жоба жүзеге асырылуда, оның шеңберінде 21 мыңнан астам жұмыс орнын ашу көзделген. 
С.Ахметов сондай-ақ полимер өнімдерін шығаратын «Нефтехим LTD» зауытына барды.
 




Яндекс.Метрика