Білім беру әдістемелерін жаңғырту

Еуразия форумы қарсаңындағы ОКҚ брифингі өтеді

ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-де Еуразия форумы қарсаңындағы брифинг өтеді.
Астана қаласы09 Қыркүйек , 18:35

Дүйсенбі, 2013-жылғы 9-қыркүйек күні сағат 12:00-де «Қазмедиа орталығы» ғимаратында Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы ОКҚ Ресми өкілі Алтай Әбибуллаевтың дәстүрлі апта сайынғы брифингі болады.

Брифингке Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Ербол Тұрмаханұлы Орынбаев, «Назарбаев Университеті» ААҚ Президенті Шигео Катсу (Shigeo KATSU) және Дамушы нарықтардың Еуразиялық форумының тең төрағасы Хариндер Коли (Harinder KOHLI) шақырылған.

Брифингтің тақырыбы- 2013 жылдың 10-11-қыркүйегінде Астанада өтетін Дамушы нарықтардың Еуразиялық форумы, оның Қазақстан мен дүниежүзі үшін маңыздылығы.

БАҚ өкілдерін тіркеу +7 (7172) 55-93-38 телефоны болмаса ОКҚ Қоғаммен байланыс қызметінің info@ortcom.kz электрондық адресі арқылы жүргізіледі.




Яндекс.Метрика