Сыртқы саясатты жаңғырту басымдықтары

Н.Назарбаев G20 саммиті аясында бірқатар елдердің басшыларымен кездесу өткізді

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев G20 саммиті аясында мемлекеттер басшыларымен және делегациялар жетекшілерімен бірқатар кездесу өткізді.
Әлемде06 Қыркүйек , 17:29

Франция Президенті Франсуа Олландпен бірге Мемлекет басшысы сауда-экономикалық және инвестициялық салалардағы екіжақты ынтымақтастық мәселелерін талқылады.

Испания Премьер-Министрі Мариано Рахоймен бірлесіп екі елдің арасындағы ортақ мүддені білдіретін түрлі салалардағы серіктестікті тереңдетудің аспектілері қарастырылды.

Нұрсұлтан Назарбаев Ұлыбритания Премьер-Министрі Дэвид Кэмеронмен бірге оның Қазақстанға сапары кезінде қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыру барысын, сондай-ақ халықаралық күн тәртібінің өзекті мәселелерін талқылады.

Италия Премьер-Министрі Энрико Леттамен бірлесіп екіжақты сауда-экономикалық өзара іс-қимылдың кең ауқымды мәселелері қаралды.

Канада Премьер-Министрі Стивен Харпермен келіссөздер түрлі салалардағы, соның ішінде агроөнеркәсіп кешенін дамыту саласындағы екіжақты серіктестік аясын кеңейтуге арналды.   

Қазақстан Президенті мен Жапония Премьер-Министрі Синдзо Абэ екі елдің сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастығының түрлі аспектілерін талқылады.

Бруней-Даруссалам Мемлекетінің Сұлтаны, Оңтүстік-Шығыс Азия елдері қауымдастығының төрағасы Хассанал Болкиахпен бірлесіп көптарапты өзара іс-қимыл аясының кең ауқымы, сондай-ақ өңірлік қауіпсіздік мәселелері талқыланды.            

Мексика Құрама Штаттарының Президенті Энрике Пенье Ньетомен бірлесіп екіжақты ынтымақтастықты тереңдетудің анағұрлым перспективалық бағыттары қарастырылды.

Нұрсұлтан Назарбаев Америка Құрама Штаттарының Президенті Барак Обамамен бірге елдеріміз арасындағы серіктестік аясын кеңейту мәселелерін талқылады, сондай-ақ ядролық қаруды таратпау және өңірлік қауіпсіздік тақырыбы сөз болды.

Қазақстан Президенті Үндістан Премьер-Министрі Манмохан Сингхпен сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және инвестициялық салалардағы екі елдің өзара іс-қимылын дамыту перспективасына қатысты пікір бөлісті.




Яндекс.Метрика