Дүниежүзілік сауда ұйымына ену

Н.Назарбаев ДСҰ бас директоры Р.Азеведумен кездесті

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев G20 саммиті аясында Дүниежүзілік сауда ұйымының Бас директоры Роберту Азеведумен кездесу өткізді.
Әлемде06 Қыркүйек , 15:04

Кездесу кезінде Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруі мәселесі қаралып, келісілетін құжаттарға қол қоюдың барысы талқыланды.

Нұрсұлтан Назарбаев еліміздің жетекші сауда серіктестері – Еуропалық одақпен және АҚШ-пен  аталған мәселелер бойынша жүргізілген келіссөздер үдерісі туралы мәлім етті.

Р.Азеведу Қазақстанның ДСҰ-ға кіруі аясындағы бірлескен жұмыстың жемісті жүргізілгенін атап өтіп, біздің еліміз Ұйымға мүше болуы үшін өз тарапынан барлық күш-жігерін салатынына сендірді.




Яндекс.Метрика