Тұрақсыз әлемдегі Gglobal Қазақстан

VI АЭФ пен Дағдарысқа қарсы Дүниежүзілік Конференция қорытындысы

2013 жылы 22-24 мамыр аралығында Қазақ елінің елордасы Астана қаласында VI Астана экономикалық форумы мен тұңғыш Дағдарысқа қарсы Дүниежүзілік Конференциясы және жаһандық мәселелерге деген көзқарастар мен оларды шешудің түрлі жолдарын қарастыратын G-Global – пікірталас алаңы өтті.
Казахстан19 Тамыз , 00:00

VI Астана экономикалық форумы «G-Global форматында теңдестірілген экономикалық дамуды қамтамасыз ету» атты тақырыпта өрбіді. Дағдарысқа қарсы Дүниежүзілік Конференциясы – тұңғыш рет Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен ұйымдастырылып, БҰҰ үшін Әлемдік дағдарысқа қарсы жоспар жасауға негізделген шара.

Форумның негізгі ұйымдастырушысы - «Ғалымдардың Еуразиялық экономикалық клубы» Қауымдастығы. Биыл Қауымдастық 132 мемлекеттен 12 мыңнан аса қатысушыны жинады. Форумға 35 қазіргі және бұрынғы министрлер, 40 астам халықаралық ұйымдардың, корпорация мен кәсіпорындардың жетекшілері қатысты. VI Астана экономикалық форумы мен тұңғыш Дағдарысқа қарсы Дүниежүзілік Конференциясы барысында 73 әр алуан саладағы шара ұйымдастырылды. Соның ішінде форумның нүктесін қойған «G-Global форматындағы үйлестірілген экономикалық өсімді қамтамасыз ету» тақырыбындағы «Көшбасшылар диологы». 

Шараның нәтижесі бойынша Дағдарысқа қарсы Дүниежүзілік конференцияның «Астана декларациясы» қабылданды. «Астана декларациясы» G-20-ның қатысушы мемлекеттеріне әлем экономикасын дамыту мен сауықтыруға байланысты, Еуразияның, мұхиттың арғы бетіндегі елдердің, жалпы Ислам әлемінің және банк секторын біріктіретін, G-8 бен G-20-ның ұйымдастыру комитетіне, БҰҰ-на, Халықаралық валюта қорына, Дүниежүзілік банк пен Экономикалық даму мен ынтымақтастық ұйымына бағытталады. G20 саммиті 2013 жылы қыркүйектің 5-6 күндері өтеді. Айта кетейік, АЭФ-ның бизнес-форумдарының қорытындысы бойынша одан әрі ынтымақтастық орнату мақсатында жалпы сомасы 2,7 млрд. АҚШ доллары көлеміндегі 80-ге жуық келісімдер мен меморандумдарға қол қойылды.

Осы жылдың 1 маусым айынан бастап VIIАстана экономикалық форумы мен II Дағдарысқа қарсы Дүниежүзілік Конференциясының бағыттары виртуалды режимде G-Global алаңында www.group-global.org талқыланбақ. Сонымен қатар биыл маусымның 1-нен бастап келесі VII Астана экономикалық форумының тақырыбын таңдау мақсатында G-global байқауы басталмақ.




Яндекс.Метрика