Сыртқы саясатты жаңғырту басымдықтары

Қазақстанға ресми сапармен ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин келеді

Қытай халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпин Қазақстанға ресми сапармен келеді.
Казахстан06 Қыркүйек , 11:31

6-8 қыркүйекте Қазақстанға тұңғыш мемлекеттік сапарымен ҚХР-дың Төрағасы Си Цзиньпин келеді. 

«ҚР Президентi Нұрсұлтан Назарбаевтың шақыруымен бiздiң елiмiзге 6-8 қыркүйекте тұңғыш мемлекеттiк сапарымен ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин келетiнiн атап өткiм келедi. Си Цзиньпин мырза бiрiншiден осы «Үлкен жиырмалық» Саммитiне қатысады. Осы Саммиттен кейiн Астанаға ат басын бұрады», - деді ресми өкіл.

6-8 қыркүйекте ҚР Президентi Н.Назарбаев пен Қытай Халық Республикасының төрағасы Си Цзиньпин мырзаның шағын және кеңейтiлген кұрамда Астанадағы екiжақты кездесулері өтедi. Кездесу барысында жалпы Қазақстан мен Қытай арасындағы қарым-қатынастардың бүгiнi мен ертеңi жан-жақты талқыланады. Сонымен қатар ҚХР Мемлекеттiк кеңесiнің төрағасы ҚР Премьер-министрi Серiк Ахметовпен, Мәжiлiс төрағасы Нұрлан Нығматулинмен де кездесулер өткiзедi. Сол кездесулерден кейiн құрметтi мейман Назарбаев университетiнде елiмiздегi тiркелген шетелдiк дипломатиялық өкiлдiктер, академиялық топтар мен студенттердiң алдында дәрiс оқуы көзделген.




Яндекс.Метрика