Мультимедиа

Әлем 2050 жылы

Әлемдегі экономикалық күш теңдігін өзгерту процесін жылдамдату: проблемалар мен мүмкіндіктер
Казахстан06 Қыркүйек , 10:10
  • Қысқаша ақпарат
    • 2006 жылдың наурызында біз әлемнің 17 ірі мемлекетінің 2050 жылға дейінгі ЖІӨ әлеуетті өсімінің болжамдары көрсетілген есепті ұсынған болатынбыз. 2008 жылы наурызда біз бұл болжамдарды жаңарттық, ал бүгін ғаламдық қаржылық дағдарыстың салдарынан оны қайта қарап отырмыз, бұған қоса, бұл жолы біз болжамды кеңейттік және оған «Үлкен жиырмалық», басқаша айтқанда G20 елдерін қостық.

      Біздің негізгі қорытындымыз ғаламдық қаржылық дағдарыс әлемдік экономикадағы күштерімізді жаңаша орналастыруға себеп болды: экономикалық өсім жылдам дамушы елдерге қарай ауысты. Егер жалпы ішкі өнімді әртүрлі елдердегі баға деңгейінің айырмасын ескеретін сатып алу мүмкіндігінің теңдігі негізінде бағаласақ, 2020 жылы нарықтық экономикасы дамушы ірі елдер (жалпы атауы «үлкен жетіліктің жылдам дамушы елдері (Е7)»), таяу арада «Үлкен жетіліктің» (G7) дамыған елдерін басып озады және өте қысқа уақытта Қытай экономикасы АҚШ-тың алдына түседі. СМТ көрсеткіштеріне негізделген осы болжамдарға сүйенсек, 2050 жылға қарай Үндістан да АҚШ-ты артта қалдырмақ.

      Егер біз өз болжамдарымызда әртүрлі елдердегі баға деңгейінің айырмасын ескермейтін, алайда, нақты шаруашылық қызметті көрсету тұрғысынан нақтырақ болып саналатын нарықтық айырбас бағамдары («НАБ») бойынша ЖІӨ көрсеткішін пайдалансақ, онда әлемдік тәртіп баяу өзгереді деген қорытындыға келеміз, алайда бұл үздіксіз жүріп отырады. Осындай болжамдардың қорытындылары бойынша 2035 жылға дейін Қытай экономикасы қалай да АҚШ-ты, ал 2040 жылға қарай Е7 елдері G7 елдерін басып озады. НАБ негізінде ЖІӨ болжамдарына сүйенсек, 2050 жылға қарай Үндістан Жапонияны артқа тастап, әлемдегі экономикасы дамыған жетекші мемлекеттердің үштігіне кірері анық.

      Халқының саны әлемнің жартысына жуығын құрайтын Қытай мен Үндістан қайтадан жетекші орындарды иеленбек. Тарихи тұрғыдан алғанда бұл қалыпты жағдай. 18-19 ғасырдың соңында өнеркәсіп төңкерісінің салдарынан бұл елдердегі экономикалық күш Батыс Еуропаға және АҚШ-қа ауысты. Бұл уақытша құбылыс қазіргі кезде біртіндеп қалпына түсіп жатыр.

      Әлемдік тәртіптің өзгеруі экономикасы шарықтау шегіне жеткен елдердің компаниялары жаңа кедергілерге тап болатынын білдіреді, алайда, түптеп келгенде мұның өзі жаңа мүмкіндіктерге жол ашады. Бір жағынан жылдам дамушы елдердің нарығында жұмыс істейтін халықаралық компаниялар тарапынан бәсекелестік бірте-бірте артады. Бұл компаниялар өндіріс секторында баға жасау тізбегі бойынша ілгері қадам басып, кейбір қызмет көрсету салалары тұрақты түрде дамиды. Мысалы, қаржылық қызметтер секторын атауға болады. Бұған дәлел банк саласы Батыстағы қаржылық дағдарыстың салдарынан зиян шекті.

      Сонымен қатар, жылдам дамушы ірі елдердегі орта таптың жылдам дамуымен байланысты тұтыну нарығындағы қарқынды даму батыс елдеріне жаңа мүмкіндіктер ашады. Осының арқасында олар аталған нарықтардағы өз орындарын нығайта түседі. Тұтыну нарықтарындағы бәсекелестік өте жоғары, сондықтан олармен бәсекелесу өте қиын болады – ұзақ мерзімді инвестициялар тартуға тура келеді. Онсыз батыстық компаниялар тарихи даму процесінің соңында қалып қояды, әсіресе, Солтүстік Америка мен Батыс Еуропа нарығында қалып қойса.

      Айтпағымыз, Ұлыбританияның БРИК елдеріне (Гонконгты қоса алғанда) экспорттық саудасы бар болғаны 7% екен, бұл Ирландияға экспортталатын жалпы өнім көлемімен тең. Егер Ұлыбритания алдағы уақытта шамамен 2%-дан жоғары трендтік өсімге қол жеткізгісі келсе, жылдам дамушы нарықтарға мейлінше жылдам ойысуы тиіс.

  • 1. Кіріспе
    • В марте 2006 года мы представили отчет с прогнозами потенциального роста ВВП в 17 крупнейших странах мира в период до 2050 года. В марте 2008 года мы обновили эти прогнозы, а сегодня вслед за глобальным финансовым кризисом мы их снова пересматриваем.

      2006 жылдың наурызында біз әлемнің 17 ірі мемлекетінің 2050 жылға дейінгі ЖІӨ әлеуетті өсімінің болжамдары көрсетілген есепті ұсынған болатынбыз. 2008 жылы наурызда біз бұл болжамдарды жаңарттық, ал бүгін ғаламдық қаржылық дағдарыстың салдарынан оны қайта қарап отырмыз.

      Бұл есепте біз «Үлкен жиырмалық» елдерінің, сондай-ақ Нигерия мен Вьетнамның ЖІӨ бойынша болжамдарды жаңартамыз. Олардың қатарына «Үлкен жетілік» елдерінің (АҚШ, Жапония, Германия, Ұлыбритания, Франция, Италия және Канада), сондай-ақ, бүгінгі таңдағы өзге де дамыған елдер – Испания, Австралия және Оңтүстік Корея кіреді.

      Сонымен бірге, олардың сапында нарықтық экономикасы дамушы ірі мемлекеттер, жалпы атауы «үлкен жетіліктің жылдам дамушы елдері» (Е7) – Қытай, Үндістан, Бразилия, Ресей, Мексика, Индонезия және Түркия, сондай-ақ Оңтүстік Африка, Аргентина, Сауд Арабиясы, Нигерия және Вьетнам бар. Біздің талдауымыз бойынша, оның аясында осы жүзжылдықтың ортасына дейінгі әлемнің 20 экономикасы дамыған ірі мемлекеттерінің болашағы қаралды. Бұл жерде кез келген осы іспетті ұзақ мерзімді болжамдарды назарға алу керектігін ескердік.

      Есеп былайша құрылды:

      • 2-бөлімде біздің әдістемелік тәсіліміз ұсынылды.

      • 3-бөлімде әртүрлі елдердегі бүгінгі күнге дейінгі және 2050 жылға арналған нарықтық айырбас бағамдары («НАБ») мен сатып алу мүмкіндігінің теңдігі («СМТ») негізінде ЖІӨ салыстырмалы мөлшері бойынша біздің талдауларымыздың нәтижелері көрсетілген.

      • 4-бөлімде 2050 жылға дейінгі мерзімде экономика өсімінің салыстырмалы қарқыны бойынша біздің талдауларымыздың нәтижелері көрсетілген.

      • 5-бөлімде G7 және Е7 елдеріндегі СМТ негізінде жан басына шаққандағы ЖІӨ салыстырмалы мөлшерлері салыстырылады.

      • 6-бөлімде қорытындылар келтірілген және компанияның шаруашылық қызметінің негізгі зардаптары атап өтілген.

  • 2. Біздің тәсіл
    • Біз талдауды 2009 жылғы нарықтық айырбас бағамдары («НАБ»1) мен сатып алу мүмкіндігінің теңдігі («СМТ») негізінде ЖІӨ бойынша Дүниежүзілік банктің деректерін зерттеуден бастады. Біз G20 барлық елдері, сондай-ақ, Вьетнам және Нигерия бойынша деректерді алдық. Соңғы екі ел қазіргі уақытта ЖІӨ көлемі бойынша G20 мемлекеттерінің қатарына кірмейді, алайда олар алдағы уақытта үлкен әлеуетке ие.

      Біз Дүниежүзілік банктің 2009 жылға дейінгі деректерін және 2009-2014 жж. аралығындағы ЖІӨ нақты өсімінің өзіміз жасаған қысқа мерзімді болжамын, сондай-ақ, 2015-2050 жж. аралығындағы ұзақ мерзімді трендтік өсімнің болашақ бағаларының деректерін пайдаланамыз. Бұл ұзақ мерзімді трендтік өсімнің болашақ бағалары 2006 және 2008 жж. аралығындағы біздің «Әлем 2050 жылы» атты есептерімізде пайдаланылған үлгіге негізделген. Барлық деректер жаңартылған бұл есептен сіз егжей-тегжейлі сипаттаманы көре аласыз.

      Үлгінің мақсаты ұзақ мерзімді трендтік өсім мынадай негізгі факторлармен шарттасуында:

      • Еңбекке жарамды халық санының артуы (БҰҰ дайындаған халық санының соңғы болжамдарының деректері негізінде).

      • Ересек жастағы халықтың орташа білім деңгейінің үлгісінде ұсынылған еңбек ресурстарының өсуі.

      • Өтемпұлды есептемегенде капитал салымдарының көлемімен шарттасқан негізгі өндіріс қорларының нақты көлемінің артуы.

      • Ғылыми-техникалық прогреспен шарттасқан және бай елдердің технологиялары мен процестерін пайдалана отырып, олардың деңгейіне дейін табысы аз елдерге жететін өндіріс факторларының жалпы өнімділігінің өсімі.

      Жоғарыда аталған барлық көрсеткіштер бойынша өсім болашағы ОЭСР қатысушы-елдерге қарағанда, жылдам дамушы елдерде әлдеқайда жоғары. Дей тұрғанмен, бұл елдер экономикалық дамуға мүмкіндік беретін саясатты жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

      Сонымен қатар, ұзақ мерзімді өсім болжамдарының деректерімен байланысты екі ұшты өзге де көптеген факторлар бар. Сондықтан, осы есептің қалған бөлігінде келтірілген деректердің нақтылығына емес, осы жерде аталған жалпы үрдістерге баса назар аудару қажет. Сонымен бірге, экономикалық күштің орталығы G7 дамыған елдерден Е7 дамушы елдерге қарай ауысуы жалғасатыны туралы жалпы қорытынды осындай екі ұшты факторлар салдарына тұрақты болуы тиіс. Бір ғана шарт, алдағы уақытта ғаламдық экономиканың жалпы даму процесі үшін апатты өзгерістер болмауы.

      Осы талдауды жіберу нүктесі ретінде біз Дүниежүзілік банктің 2009 жылға арналған СМТ негізінде ЖІӨ бойынша соңғы жариялаған деректерін пайдаландық.

      Кей жағдайлар, ЖІӨ бойынша PwC қысқа мерзімді болжамдарының деректері жоқ болғанда, біз ХВҚ қысқа мерзімді болжамдарының деректерін немесе болжамдар консенсусын пайдаландық. Бұған қоса, кейбір жеке жағдайларда, өсім қарқынының қысқа мерзімді болжамдарының көрсеткіштері біздің үлгідегі трендтік өсім қарқынының ұзақ мерзімді болжамдарынан үлкен айрмашылығы бар болғанда, 2015-2019 аралығындағы өсім қарқынының қысқа мерзімдіден ұзақ мерзімді көрсеткіштеріне бірден ауысуды реттеу үшін осындай көрсеткіштерді түзеттік.

      Сіз «Әлем 2050 жылы» сериясынан шыққан есептің электронды көшірмесін біздің мына мекен-жайдағы сайтымыздан көшіре аласыз: http://www.pwc.com/gx/en/world-2050/index.ihtml. Техникалық тұрғыдан алғанда, біз еңбек ресурстарын ескере отырып, Кобба-Дугластың өндірістік функциясына сәйкес әрбір елге бағалау жүргіздік және әлеуетті ЖІӨ-нің болжамын жасадық. Бұл осындай ұзақ мерзімді зерттеулерде кеңінен пайдаланылатын экономикалық үлгінің стандартты түрі.

  • СМТ және нарықтық айырбас бағамдары
    • СМТ негізінде ЖІӨ бағалау орташа өмір сүру деңгейін, сондай-ақ өндіріс пен капитал салымы көлемін барынша нақты анықтауға мүмкіндік береді. Өйткені, есептер әртүрлі дамушы елдердің баға деңгейіндегі айырмашылықтар ескеріліп жүргізіледі. Жалпы алғанда, баға деңгейі дамушы елдерде айтарлықтай төмен, сондықтан талдауда нарықтық айырбас бағамдарын пайдаланумен СМТ негізінде ЖІӨ пайдалану дамыған елдермен табыс деңгейінің айырмасын айтарлықтай қысқартады.

      Сонымен қатар, НАБ негізінде ЖІӨ бағалау, тым болмағанда, қысқа мерзімді болашақта экономикалық тұрғыдан алғанда ел экономикасының салыстырмалы көлемін нақтырақ анықтауға мүмкіндік береді. Ұзақ мерзімді болашақта инвестицияларды бағалау немесе бизнес-жоспарлау мақсатында, дамушы елдерде нақты нарықтық айырбас бағамдарының ондағы СМТ көрсеткіштеріне жақындау мүмкіндігін ескеру қажет. Бұл жылдам дамушы елдердің ішкі нарықтарындағы жоғары құнсыздану деңгейіне қатысты, неолардың валюталарының номиналды бағамдарының нығаюы нәтижесінде, сондай-ақ осы факторлардың белгілі үйлесуі нәтижесінде болуы мүмкін.

      Нарықтық айырбас бағамдары негізінде 2050 жылға ЖІӨ бағалауда біз «Әлем 2050 жылы» бірінші есебінде пайдаланылған әдістемеге ұқсас әдістемені пайдаланамыз. Онда нарықтық айырбас бағамдары экономиканың түріне байланысты басқа да жақындасу коэффициенттерін қолдана отырып, СМТ көрсеткіштеріне жақындайды.

      Нәтижеде болжамдар көрсеткеніндей, өнімділік өсімінің қарқыны жоғары болуына байланысты нарықтық экономикасы жылдам дамушы ірі елдердегі нақты нарықтық айырбас бағамдары айтарлықтай өскен. Сонымен қатар, кейін қалған дамушы елдерде НАБ бойынша болжамды деректер 2050 жылға арналған СМТ деңгейінен төмен.

      Біздің топшылауымызша, ЭЫДҰ қатысушы-елдерде нақты айырбас бағамдыры бірте-бірте және теңдей 2009-2050 жж. кезеңдегі СМТ көрсеткіштеріне жақындайды. Мұндай болжам ғылыми зерттеулерге сай келеді. Онда сатып алу мүмкіндігінің теңдігі ұзақ мерзімді болашақта сақталады деп нақты айтылған, алайда қысқа мерзімді болашақта тұрақсыз болуы мүмкін.

  • 3. Экономикалардың салыстырмалы ауқымдары
    • Біздің болжамдарымыздың нәтижелері бойынша негізгі сценарий негізінде 2050 жылға қарай Е7 елдерінің экономикасы G7 елдерінің бүгінгі экономикасымен салыстырғанда доллармен есептегенде нарықтық айырбас бағамдары бойынша шамамен 64%-ға немесе СМТ терминдерімен одан екі есе артық болады. Көрсетілген айырмашылық 2006 жылғы алғашқы есепте көрсетілгеннен де көп. Бұл қаржылық дағдарыс жылдарындағы G7 елдерімен салыстырғанда Е7 елдеріндегі өсіммен байланысты. Бұл белгілі деңгейде G7 елдерімен салыстырғанда Е7 елдеріндегі біздің ұзақ мерзімді трендтік өсім болжамдарымыздың деректерін қайта қарауға мәжбүрледі.

      Қазіргі уақытта нарықтық айырбас бағамы бойынша G7 барлық елдерінің экономикаларының көлемінен Е7 елдерінің экономикасы шамамен 36%-ға және сатып алу мүмкіндігі теңдігіне қайта есептегенде шамамен 72%-ға артық (төмендегі 1-суретке қараңыз).

      1-сурет. G7 және E7 елдерінің экономикаларының салыстырмалы ауқымы

      Бұдан әрі СМТ бойынша ЖІӨ-ні талдауға, ал сонан соң НАБ бойынша ЖІӨ-нің бағаларын қарауға кірісеміз. Бұл бөлімнің қорытынды бөлімінде біз СМТ және НАБ бойынша болжамдардың нәтижелерін нақты салыстырамыз, сондай-ақ, СМТ бойынша емес, НАБ бойынша ЖІӨ бағаларын салыстырғанда неліктен Е7-ге кіретін жеке елдер G7 елдерін кеш озатынын талқылаймыз.

  • СМТ бойынша ЖІӨ болжамды баға
    • 2-суретте төмендегіні көруге болады:

      • Соңғы жылдары E7 және G7 елдері арасындағы айырмашылық жылдам қысқарды, оның қарқыны әлемдің қаржылық дағдарыс салдарынан жылдамдады. 2007 жылы G7 елдерінің СМТ бойынша жалпы ЖІӨ Е7 елдерінің жалпы ЖІӨ-ден бұрынғыдай шамамен 60%-ға жоғары. Біздің бағалауымыз бойынша, 2010 жылға қарай айырмашылық қысқарып, бар болғаны 35%-ға жетті.

      • Басып озу процесі келесі онжылдықта жалғасады: 2020 жылға қарай Е7 елдерінің СМТ бойынша жалпы ЖІӨ-сі G7 елдерінің жалпы ЖІӨ-сінен асуы мүмкін.

      • Дей тұрғанмен, келесі онжылдықта – 2020-2030 жж. аралығында – «басып озу процесі» күшеюі мүмкін: болжам бойынша, 2030 жылға қарай СМТ терминімен Е7 елдерінің жалпы ЖІӨ-сі G7 елдерінің жалпы ЖІӨ-сінен шамамен 44%-ға артық болады. Айырмашылық алдағы уақытта да арта береді және 2050 жылға қарай СМТ терминімен Е7 елдерінің ЖІӨ-сі G7 елдерінің жалпы ЖІӨ-сінен екі есе артық болады.

      Қытай және Үндістан Е7-ге кіретін елдердің экономикасын алға сүйреуші мемлекеттер болып есептеледі, дегенмен Қытай «бір бала» саясатын ұстанғандықтан еңбек ресурстарының өсу қарқыны айтарлықтай төмендеп, экономикасының даму қарқыны бірте-бірте бәсеңдейді. Біздің болжамымыз бойынша, Үндістанның өсу қарқыны соңғы он жыл ішінде жоғары деңгейде болады. Қытай экономикасының даму қарқыны бәсеңдегеніне қарамастан, Қытай 2020 жылға дейін СМТ-ға қайта санағанда ЖІӨ мөлшері бойынша АҚШ-ты басып озады.

      1-кесте. СМТ терминімен ЖІӨ бойынша елдердің рейтингісі

      2009 жылы СМТ рейтингіндегі орны

      Ел

      СМТ терминімен ЖІӨ (2009 жылғы құны АҚШ долларымен млрд.)

      2050 жылы СМТ рейтингісіндегі орны

      Ел

      СМТ терминімен ЖІӨ болжамды бағасы  (2009 жылғы құны АҚШ долларымен млрд.)

      1

      АҚШ

      14256

      1

      Қытай

      59475

      2

      Қытай

      8888

      2

      Жапония

      43180

      3

      Жапония

      4138

      3

      АҚШ

      37876

      4

      Үндістан

      3752

      4

      Бразилия

      9762

      5

      Германия

      2984

      5

      Жапония

      7664

      6

      Ресей

      2687

      6

      Ресей

      7559

      7

      Ұлыбритания

      2257

      7

      Мексика

      6682

      8

      Франция

      2172

      8

      Индонезия

      6205

      9

      Бразилия

      2020

      9

      Германия

      5705

      10

      Италия

      1922

      10

      Ұлыбритания

      5628

      11

      Мексика

      1540

      11

      Франция

      5344

      12

      Испания

      1496

      12

      Түркия

      5298

      13

      Оңтүстік Корея

      1324

      13

      Нигерия

      4530

      14

      Канада

      1280

      14

      Вьетнам

      3939

      15

      Түркия

      1040

      15

      Италия

      3798

      16

      Индонезия

      967

      16

      Канада

      3322

      17

      Австралия

      858

      17

      Оңтүстік Корея

      3258

      18

      Сауд Арабиясы

      595

      18

      Испания

      3195

      19

      Аргентина

      586

      19

      Сауд Арабиясы

      3039

      20

      Оңтүстік Африка

      508

      20

      Аргентина

      2549

      Жоғарыда келтірілген 1-кестеде СМТ терминімен 2050 жылға арналған ЖІӨ болжамды бағасының жалпы нәтижесі көрсетілген. 2009 жылмен салыстырғанда айтарлықтай өзгерістер Қытай мен Үндістанның орнында байқалып отыр. Олар 2050 жылға қарай АҚШ-ты басып озып, алғашқы екі орынды иеленеді. Тағы бір айтарлықтай өзгерісті Бразилияның позициясынан көруге болады, ол СМТ терминімен ЖІӨ мөлшері бойынша Жапонияны артқа тастады. Бұған қоса, Индонезия да рейтингтегі өз орнын айтарлықтай жақсартып, 2050 жылға қарай сегізігінші орынға көтерілуі мүмкін.

      Болжам бойынша, 2050 жылға қарай Оңтүстік Африка мен Австралия жоғары СМТ көрсеткіштерімен алғашқы жиырмалықтан ондыққа енуі мүмкін. 2050 жылға қарай Нигерия мен Вьетнам 13пен 14 орындарға көтеріліп, жиырмалыққа кіреді. Бір ғана шарт, олар экономикалық дамуға мүмкіндік беретін саясатты жүзеге асыруды тоқтатпаса. Бұл мемлекеттер ұзақ мерзімді болашақта өздерінің экономикалық әлеуетін іске асыра ала ма, оны уақыты келіп көреміз.

      2050 жылға қарай Ұлыбритания экономикасы дамыған мемлекет ретінде ЖІӨ рейтингісінде құлдырап, алғашқы ондықтағы орнын әрең ұстап тұрады.

      Болжам бойынша, Ұлыбританияның әлемдік ЖІӨ-дегі үлесі, басқа ірі еуропа экономикаларының үлесі сияқты алдағы 40 жыл ішінде бірте-бірте төмендей береді. Жоғарыда көрсетілген 3-суретте келтірілген мерзімде СМТ терминімен Ұлыбританияның ЖІӨ-дегі үлесі біртіндеп төмендегенін көруге болады. Мұндай үрдіс НАБ терминімен Ұлыбританияның әлемдік ЖІӨ-дегі үлесіне қатысты байқалады, бұл ретте екі желі арасындағы айырмашылық біртіндеп азайған (СМТ көрсеткіштерімен нарықтық айырбас бағамдарының бірте-бірте жақындауы нәтижесінде). НАБ терминімен ЖІӨ болжамды бағасы барлық мемлекеттер бойынша келесі бөлімде егжей-тегжейлі қаралады.

      Ұлыбритания жылдам дамушы нарықтарға қарай ашылған мүмкіндіктерді пайдаланса, біздің болжамымыздан әлдеқайда жақсы нәтижелерге қол жеткізе алады. Қазіргі кезде Ұлыбритания экономикасы АҚШ және ЕО елдеріндегі экспорттық саудаларға тәуелді. Оның экспорттық саудасының болмашы үлесі БРИҚ елдеріне тиесілі (2009 жылы Гонконгты қоса алғанда, бар болғаны 7%, бұл 2009 жылы Ирландияға экспортталған өнімнің көлемімен бара-бар). Егер Ұлыбритания Е7 елдеріне сауда көлемі мен капитал салуды арттыра алса, Ұлыбритания экономикасы мен халқы дамушы елдердің қарқынды өсуінен ұтады және Ұлыбритания біздің болжамымыздан әлдеқайда жоғары нәтижелерге қол жеткізеді.

      2009 жылы Германияның БРИҚ елдеріне экспорттық саудасының тиісті көрсеткіштері шамамен 10% болды, бұл ретте Қытай мен Ресейге өнеркәсіп тауарларының экспорты соңғы жылдары айтарлықтай жылдам өсті.

  • НАБ бойынша ЖІӨ болжамды бағасы
    • 4-сурет. НАБ бойынша ЖІӨ терминімен 2032 жылға қарай E7 елдері G7 елдерін басып озуы мүмкін

      Жоғарыда келтірілген суретте көріп отырғанымыздай:

      • 2009 жылы НАБ бойынша Е7 мемлекеттерінің жалпы ЖІӨ-сі НАБ терминімен G7 елдерінің жалпы ЖІӨ-сінің шамамен 35%-ын құрады.

      • Дамушы елдердің өсу қарқыны қаржылық дағдарыс кезінде керісінше жылдамдады, алдағы он жыл ішінде үдей түседі: 2020 жылға қарай біздің бағалауымыз бойынша, НАБ бойынша Е7 елдерінің жалпы ЖІӨ-сі артады және НАБ терминімен G7 елдерінің жалпы ЖІӨ-сінен шамамен 70%-ды құрайды. Бұл 2009 жылмен салыстырғанда шамамен екі есе артық.

      • Келесі онжылдықта – 2020-2030 жж. аралығында – дамушы елдердің өсу қарқыны тоқтайды: болжам бойынша, 2030 жылға қарай НАБ бойынша Е7 елдерінің жалпы ЖІӨ-сі G7 елдерінің жалпы ЖІӨ-сінен 97%-ды құрайды.

      • 2032 жылға қарай Е7 елдерінің НАБ бойынша жалпы ЖІӨ-сі НАБ терминімен G7 елдерінің жалпы ЖІӨ-сінен асып түседі, бұл ретте кез келген ауытқулар мұндай болжамдардың қателік шегінде болады.

      • 2050 жылға қарай, біздің бағалауымыз бойынша, Е7 елдерінің НАБ бойынша жалпы ЖІӨ-сі НАБ бойынша G7 елдерінің жалпы ЖІӨ-сінен 64%-ға артық болады. Нарықтық айырбас бағамы ұзақ мерзімді болашақта сатып алу мүмкіндігінің теңдік көрсеткіштерімен жақындайды, сондықтан екі болжам нәтижелерінің айырмашылығы ағымдағы жағдаймен салыстырғанда 2050 жылға қарай айтарлықтай азаяды.

      Болжам бойынша, Қытай экономикасының АҚШ экономикасын басып озу қарқыны халқының қартаюына байланысты, 2020 жылдан кейін бәсеңдейді (бұл үрдіс соңғы 30 жылдағы «отбасыда бір бала» саясатын жүзеге асыру нәтижесінде күшейеді). Озатын уақыттың нақты болмағанына қарамай, 2040 жылға қарай Қытай НАБ терминімен ЖІӨ бағалауы бойынша ірі экономика орталығына айналады. Осылайша, жүз жылдан астам уақыт көш басында болған АҚШ-ты артқа тастамақ. Дегенмен, бұл болжамдар шындыққа ұқсағанымен, әлі белгісіз күйінде қалып отыр.

      2-кесте. НАБ терминімен ЖІӨ бойынша елдердің рейтингісі

      2009 жылы НАБ рейтингіндегі орны

      Ел

      НАБ терминімен ЖІӨ (2009 жылғы құны АҚШ долларымен млрд.)

      2050 жылы НАБ рейтингісіндегі орны

      Ел

      НАБ терминімен ЖІӨ болжамды бағасы  (2009 жылғы құны АҚШ долларымен млрд.)

      1

      АҚШ

      14256

      1

      Қытай

      51180

      2

      Жапония

      5068

      2

      АҚШ

      37876

      3

      Қытай

      4909

      3

      Үндістан

      31313

      4

      Германия

      3347

      4

      Бразилия

      9235

      5

      Франция

      2649

      5

      Жапония

      7664

      6

      Ұлыбритания

      2175

      6

      Ресей

      6112

      7

      Италия

      2113

      7

      Мексика

      5800

      8

      Бразилия

      1572

      8

      Германия

      5707

      9

      Испания

      1460

      9

      Ұлыбритания

      5628

      10

      Канада

      1336

      10

      Индонезия

      5358

      11

      Үндістан

      1296

      11

      Франция

      5344

      12

      Ресей

      1231

      12

      Түркия

      4659

      13

      Австралия

      925

      13

      Италия

      3798

      14

      Мексика

      875

      14

      Нигерия

      3795

      15

      Оңтүстік Корея

      833

      15

      Канада

      3322

      16

      Түркия

      617

      16

      Испания

      3195

      17

      Индонезия

      540

      17

      Оңтүстік Корея

      2914

      18

      Сауд Арабиясы

      369

      18

      Вьетнам

      2892

      19

      Аргентина

      309

      19

      Сауд Арабиясы

      2708

      20

      Оңтүстік Африка

      286

      20

      Австралия

      2486

      Осы процесс барысында Қытай қуатты экспорт орталығы болып қала бермек, ал нақты жалақының өсуімен Қытайдың ішкі нарығы Қытаймен қатар шетелдік компаниялар үшін үлкен маңызға ие болады. Қытай экспорттаушылары шығарған өнімдердің бағасымен қоса сапасы да бәсекелестікке ие болып, жоғарғы эшелондағы елдер қатарына қосылады.

      Жоғарыда келтірілген 2-кестеде НАБ терминдерінде 2050 жылға дейін ЖІӨ болжамды бағалары бойынша жиынтық ақпарат келтірілген. 2050 жылға қарай АҚШ-ты базып озып, рейтингтің бірінші орнына жайғасатын Қытайдың жайғасымында, сондай-ақ осы уақытқа дейін АҚШ-тан кейін үшінші орынға орналасатын Үндістанның жайғасымында айтарлықтай өзгерістер байқалады. Германияны басып озған Бразилия мен Ресей рейтингтерінде де өзгеріс байқалады. Болжам бойынша, Мексика Германиядан сәл ілгері шығып, жетінші орынға жайғасады да, бірінші ондықтың қатарына кіреді. Бірақ бұл болжам әлі де нақты емес. Индонезия да рейтингте өз ұстанымын едәуір күшейтіп, Франциялан сәл оза шығып, тоғызыншы орынға жайғаса алады. Бірақ бұл болжам да белгісіздікке толы. Күтіліп отырғандай, аталған болжамның нәтижелері бойынша, 2050 жылға қарай рейтингте Ұлыбритания жайғасымы төмендеп, ол рейтингтің жоғарысынан орын тепкен 140 елдің тізіміне зорға кіреді.

      PwC моделіне негізделген болжамдардың нәтижесіне сәйкес, 2050 жылға қарай Нигерия мен Вьетнам сәйкесінше 14 және 18-ші орындарға жайғасып, әлемнің ірі жиырма елінің қатарына кіре алады. Бірақ бұл осы елдердің экономикалық өсімге ықпал ететін саясатты жүзеге асыруды жалғастыруларына байланысты. Бұл үлкен қиындықтарға алып келеді. Әсіресе, экономикалық әлеуетін жүзеге асыру үшін өз экономикасын әртараптандыруы және мұнайға тәуелділік және билік пен басқару институттарын құруға қатысты мәселелерді ұзақ мерзімде шешуіне тура келетін Нигерия үшін ауыр болмақ. Болжам бойынша, Австралия, Италия, Канада және Испания алдағы онжылдықта дамушы нарықтар әлдеқайда жылдам өсе бастауына байланысты ЖІӨ рейтингінде әлсіздік байқатады. Біздің болжамның негізінде, Аргентина мен Оңтүстік Африка ЖІӨ бойынша ірі жиырма елдің рейтингіне кіре алмайды. Себебі, олардың әлеуетті өсімінің қарқыны дамушы өзге экономикалардың қарқынынан төмен.

  • «Үнді барысының» өсімі
    • Болжам бойынша, НАБ терминдеріндегі әлемдік ЖІӨ –де Үндістанның үлесі артады. Біз осыған өз есебімізде ерекше көңіл бөлмекпіз. 2009 жылы НАБ негізінде анықталатын әлемдік ЖІӨ-де Үндістанның үлесі небәрі 2%-ды құрады. Біз жасаған талдау нәтижелері бойынша, 2050 жылға қарай оның үлесі шамамен 13%-ға дейін өсу мүмкін.

      6-суретте АҚШ-пен салыстырғанда НАБ терминдерінде Үндістанның ЖІӨ-і қарқынды әрі ұзақмерзімді ұлғайғаны көрсетілген. Үндістанның әлеуеті 2050 жылға дейін әлемдегі ең жылдам өсетін экономика атануына мүмкіндік береді және оның ЖІӨ-і осы кезеңнің соңына қарай нарықтық айырбас бағамы бойынша АҚШ ЖІӨ-нен 83%-ды құрауы немесе сатып алу мүмкіндігінің теңдігі бойынша одан 14%-ға асып түсуі мүмкін.

      6-сурет. НАБ бойынша Үндістан мен АҚШ ЖІӨ-лерін салыстыру

      Алдағы он жылда Үндістанның трендтік өсімі Қытайдың трендтік өсімінен әлдеқайда жылдам болады. Себебі, Үндістанның халқы әлдеқайда жас және жұмысқа қабілетті халық саны Қытайдағыдан жылдам ұлғаюда. Сонымен қатар, Үндістанның экономикалық өсімінің әлеуеті әлдеқайда үлкен, себебі ол Қытаймен салыстырғанда өзінің дамуын экономикалық дамудың төмен деңгейінен бастады да, оның «күш алуына» деген әлеуеті үлкен. Алайда Үндістан соңғы жиырма жыл бойы ұстанып келген, экономикалық өсімге ықпал ететін саясатты жүзеге асыратын болса ғана осы үлкен әлеуетті іске асыра алады. Келешекте салық саясатына қатысты тұрақты ұстанымды сақтау, сыртқы сауда мен шетелдік инвестициялар үшін ашық болуы, көлік инфрақұрылымы мен ЖЭК-ке капитал салымдарын ұлғайту, сондай-ақ, білім беру стандарттарын, әсіресе әйелдер мен ауыл тұрғындары үшін, жақсарты мәселелері Үндістанның негізгі басымдықтарының қатарына кіруі тиіс.

      Уақыт өте келе өсім факторлары да өзегереді. Алдағы он жылда Үндістанның сыртқы қорларды тартуға тәуелділігі әлдеқайда төмендеп, өнеркәсіп тауарларының экспортына деген тәуелділігі әлдеқайда артады. Үндістанның ірі қалаларындағы тұтынушылар нарықтары трансұлттық корпорациялар үшін әлдеқайда тартымды бола бастайды. Себебі, уақыт өте келе ол жақта орта тап жылдам өсе бастайды.

      Кейінгі 40 жылда Үндістанның қарқынды дамуы оның қазіргі уақытта G7 елдерінің қатарына кіретін мемлекеттердің экономикасын қуып жетуге мүмкіндік береді. Бұл төменде келтірілген 4-кестеде көрсетілген. Кестеде, сондай-ақ, экономикалық күш теңдіктері G7-дан Е7 елдерінің пайдасына көшуі мүмкін маңызды мерзімдер келтірілген. Болжанғандай, күштерді қайта бөлу САМТ терминдеріндегі ЖІӨ бағаларына негізделген болжамдармен салыстырғанда НАБ терминдеріндегі ЖІӨ бағаларына негізделген болжамдарда әлдеқайда кеш орындалады. Осы мәселені жарыққа шығару кезінде бұқаралық ақпарат құралдары кейде бұл айырмашылықтар жөнінде ұмытып кетеді. Мысалы, Қытай 2018 жылы сатып алу мүмкіндігінің теңдігіндегі қайта есептеуде ЖІӨ көлемі бойынша әлемнің ірі экономикасы ретінде АҚШ-ты басып озуы мүмкін болғанымен, ол тек шамамен 2032 жылы ғана нарықтық айырбас бағамындағы ЖІӨ бағалауы бойынша әлемнің ірі экономикасы бола алады.

      Әрине, мұндай күштерді қайта бөлулер мерзімі болжамының нақтылығы көптеген белгісіздік факторларына байланысты болады. Бірақ, 3-кестеде көрсетілген мерзімге дәл келмесе де, рейтингтердегі жайғасымдардың өзгеруі осы ретте болуы тис. Екі рейтинг бойынша болжамдар ұқсас: алдағы 40 жылда Е7 елдері G7 елдерінің экономикасын басып озуды жалғастырады.

      САМТ мен НАБ рейтингтерінің жайғасымдарындағы өзгерістерді салыстырсақ, мерзімдердің кеш қалуы байқалады. Мысалы, болжам бойынша, САМТ рейтингі бойынша Үндістан Жапонияны 2011 жылы басып озса, НАБ бойынша рейтингте бұл тек 2028 жылы ғана орын алады. Мұның барлығы Үндістан ЖІӨ-нің САМТ мен НАБ терминдері арасындағы айырмашылыққа байланысты. Бұл уақыт өте келе бәсеңдейді (және кейде 2050 жылы да бұл айырмашылық байқалады). Сол сияқты, НАБ рейтингі бойынша Бразилия Ұлыбританияны 2023 жылы басып озса, онда тек шамамен он жылдан кейін ғана САМТ бойынша рейтингте Ұлыбританиядан озады.

  • 4. «Үлкен үштік» елдері экономикасының басымды жағдайы
    • Е7 елдерінің әлемдік экономикада басымдық жайғасымға орналасуы нәтижесінде жетекші .үші елдің – Қытай, АҚШ және Үндістанның экономика көлемі де өседі. Бағалау бойынша, ол шамамен НАБ бойынша бағаланатын әлемдік ЖІӨ-нің 50%-ды (бүгінгі 40%-бен салыстырғанда) құрайды. ЕО елдерінің экономикасы көлемі жағынан «Үлкен үштік» елдерінің экономикасымен теңесе алады. Бірақ, ЕО біртұтас ұйым ретінде жұмыс істеген жағдайда ғана қол жетеді. Ал бұл мәселе 27 елдің басын қосып отырған одақ үшін оңай шаура болмайды. 2050 жылға қарай дербес елдердің– ЕО елдерінің экономикасы көлемі жағынан «Үлкен үштіктің» кез-келген елінің экономикасынан төмен болады.

      4-кестеде НАБ пен САМТ бойынша 2009 және 2050 жж. АҚШ-пен салыстырылған көрсеткіштері бойынша бағаланған және зерттеуге енгізілген елдердің экономикаларының нақты және болжамды көлемдері келтірілген. Бүгінде АҚШ САМТ пен НАБ бойынша есептелетін ЖІӨ көлемі бойынша әлемнің ірі экономикасы боп табылатынын сөзсіз. Сондай-ақ, кестеде АҚШ-пен салыстырғандағыөзге елдердің экономикаларының көлеміне берілген бағалау да келтірілген. Келтірілген мәліметтерден көріп отырғанымыздай, Қытай, Үндістан және Ресейдің ЖІӨ бағалануы САМТ мен НАБ – өлшемнің таңдап алынған көрсекішінен әлдеқайда өзгеше. Бразилияда бұл айырмашылық кішкене ғана.

      Өсімнің болжанған қарқынының төмендеуіне қарамастан, ЖІӨ-ні нақты айырбас бағамы бойынша және САМТ шамамен 57%-ға есептейтін болса, 2050 жылға қарай Қытай экономикасы АҚШ экономикасынан 35%-ға асып түседі. Жоғарыда атап өтілгендей, 2050 жылға дейінгі кезеңде Үндістан экономикасы өте қарқынды өсіп, бұл елдің АҚШ ЖІӨ-ден шамамен 83% ЖІӨ деңгейіне қол жеткізуге мүмкіндік береді.

      Халық саны ең көп мемлекеттер – Қытай мен Үндістанның 2050 жылға қарай көшбасшылық жайғасымға орналасуы экономикалық қуаттың Азиядан Батыс Еуропа мен АҚШ-қа қарай жылжуына алып келген, 18 ғасырдың аяғы мен 19 ғасырдағы Өнеркәсіп революциясына дейін әрекет еткен тарихи нормаға5 қайта оралу боп табылады. Қазір бұл уақытша жылжу кері бағытта орын алуда.

      Базалық сценарийлердің егізінде жасалған болжамдарды басшылыққа ала отырып, мыналарды айтуға болады:

      – 2050 жылға қарай нарықтық айырбас бағаамы мен сатып алу мүмкіндігінің теңдігі бойынша бағалауда Бразилия экономикасы Жапония экономикасының көлемінен асады да, АҚШ экономикасынан небәрі 20-25%-ды құрайды.

      – Мексика да қарқынды дамып, 2050 жылға қарай оның экономикасының көлемі НАБ мен САМТ бойынша Германия мен Ұлыбритания экономикасынан асады.

      – Индонезия экономикасы тез дамып, нарықтық айырбас бағамында Ұлыбритания мен ранция экономикасының өлеміне жетеді және сатып алу мүмкіндігінің теңдігі бойынша ЖІӨ көлемі осы елдердікінен басым болады.

      – Еңбекке қабілетті халық үлесінің төмендеуіне байланысты Ресей өте баяу қарқынмен өседі, әйтсе де оның ЖІӨ-і нарықтық айырбас бағамы мен сатып алу мүмкіндігінің теңдігінде Германия мен Ұлыбританияның ЖІӨ-нен асып түседі.

      Әрине, бұған дейін айтылғандай, 4-кестеде келтірілген мәліметтердің нақтылығына ықпал ететін белгісіздік факторлары өте көп. Әйтсе де, сипатталған жалпы үрдіс кейбір елдердегі өзгерістерге қатысты тұрақты болуы мүмкін.

      Бұл бөлімде түрлі елдердің экономикасының салыстырмалы көлеміне көңіл бөлдік. Келесі бөлімде өсімнің болжамды қарқынының салыстырмалы талдауының нәтижесін қарастырамыз.

  • 5. 2050 ж. дейін экономикалық өсімнің болжамды қарқыны
    • 5-кестеде 2009-2050 жж. кезеңіндегі нақты ЖІӨ өсімініңорташа жылдық қарқынының болжамды бағалары АҚЩ доллары, ұлттық валюта және САМТ терминдерінде келтірілген. Кестеде, сондай-ақ, өсім қарқынының түрлі құрауыштары бойынша мәліметтер келтірілген.

      Ең алдымен, Үндістанның дамушы ірі экономикалардың (Е7) арасында өсім әлеуеті жоғары екенін атап өту керек.

      Вьетнамның сатып алу мүмкіндігінің теңдігі бойынша ЖІӨ-і 2050 жылда да АҚШ ЖІӨ-нен 10%-ды құрайды. Сондықтан, Вьетнам экономикасын Қытай немесе Үндістан секілді ірі экономика топтарына жатқызуға келмейді. Нигерияға қатысты өсімнің жоғары қарқынының болжамы егер ел мұнайға тәуелділік және билік пен басқару институттарына қатысты бірқатар мәселелерді шешсе ғана орындалады.

      Ресей экономикасы Е7 елдері арасында ең төмен қарқынмен дамиды деп болжанады. Оған еңбекке жарамды халық санының күрт азаюы байланысты болады. «Үлкен жетілік» (G7) елдерінің ішінде орташа жылдық өсім қарқынының жоғары көрсеткіші АҚШ – 2,4% пен Ұлыбританияда – 2,3% байқалады. Жапония баяқ қарқында дамиды деп болжанады – 1%. Болжам бойынша, дамыған экономика үшін Австралияның экономикалық өсім қарқыны табиғи қорлар мен қытайлық нарыққа жақындығына байланысты жоғары болады.

      7-суретте ЖІӨ өсімінің жылсайынғы болжамды өсімі жағымды және жағымсыз қарқынды анықтайтын үш құрауышқа бөлінген.

      1. Халық санының ұлғаюынан ЖІӨ өсуі.

      2. Адам басына ЖІӨ нақты өсімі (ұлттық валютада немесе САМТ-нен).

      3. Нарықтық аырбас бағамы өзгеруінің ықпал етуіне байланысты долларда сипатталған ЖІӨ өсімі.

      Атап өтуге тиіс басты мәселе, халық санының баяу өсуі («бір отбасында бір бала» саясаты) және халықтың тез қартаюына байланысты Қытай ЖІӨ-і Үндістан Жіө-нен баяу өседі. Сонымен қатар, Үндістандағы еңбек өнімділігі мен халық білімінің орташа деңгейі Қытайдағыдан төмен. Бұл экономикалық өсімді қолдайтын институттар құру саласындағы саясатты дұрыс жүзеге асыратын болса, Үндістанның «ұзаққа қарғуына» мүмкіндік бар. Дәл осындай жағдайды Вьетнам мен Нигерия өсімдерінің жоғары әлеуетіне қатысты айтуға болады. Аталған көрсеткіштер бойынша қос мемлекет те Қытайдан артта келеді. Бұдан өзге, алдағы төрт жылда халық санының артуына байланысты Нигерияның ЖІӨ-і жоғары болады деген болжам бар. Бұл ЖІӨ құрап отырған елдегі еңбекке жарамды халықтың үлесін арттырады.

      Бұл екі елдің де көлемі жағынан БРҮК елдерінен кіші екенін атап өту керек.

      Бүгінгі күнге дейін Қытай экономикасының өсімі жинақтар мен капиталды салымдар өсімінің жоғары қарқыны секілді факторлармен анықталатын. Бірақ Жапония мен өзге де «азиялық барыстардың» тәжірибесі көрсеткендей, инвестициялар қалыптастыратын өсім пайда ЭЫДҰ елдерінде бар көлемге жеткеннен кейін инвестициялардан пайда деңгейінің төмендеуіне ұшырайды. Қытай халқының қартаюына байланысты жинақтар өсімінің қарқыны төмендейді. Себебі, қартайған халыққа зейнетақы төлеу үшін активтер қаражтқа айналтырылады. Бірақ, ұзақмерзімді болжамдарымызды жасай отырып, біз, Қытайдағы жинақтар мен инвестициялар өсімінің қарқыны ЭЫДҰ елдеріндегі орташа деңгейден шамалы жоғары болады деген пікірді негізге алдық.

      Халқы жас және тез өсетін өзге дамушы елдердің қатарына Индонезия, Түркия, Бразилия және Мексика жатады. Бұл елдердегі өсім қарқынына сауда, инвестиция, білім беру деңгейінің артуына, яғни экономикалық өсімге ықпал ететін макроэкономикалық, заң және саяси жағдайларды сәтті құру және сақтау себеп болады. Осы елдерде аталған жағдай орын алады деуге ешқандай кепіл жоқ. Бірақ, соңғы бес жылда даму бағытының оң болуы біздің оптимистік көзқарасымызға негіз болып отыр.

      Жеке категорияда адам басына ЖІӨ өсімінің жоғары қарқыны бар Оңтүстік Корея мен Ресей тұр. Бірақ, халық санының төмендеуі жалпы ЖІӨ өсімін ұстап тұр. Болжамды басшылыққа ала отырып, «Үлкен жетілік» (G7) елдеріндегі ЖІӨ бяқ қарқынмен өсетінін бағамдауға болады. Оның ішінде, біздің модельде халық санының қарқының айырмашылығына қатысты жасалған өсім қарқынының айырмашылығын көрсетеді. Бұл мағынада, Австралия, Канада және АҚШ жыл сайын 2,2-2,4%-ға өседі. Ал халық саны азайып жатқан Германия, Италия және Жапония секілді елдерде ЖІӨ өсімі ұлттық валютада немесе САМТ терминдерінде 1,0-1,9% диапазонын құрайды. Біздің модельдеу мәліметтерімізді негізге ала отырып, G7 елдерінде адам басына шаққандағы ЖІӨ өзгешелігі болмашы ғана болып табылады және жылына 1,7-2,1 G7 диапазонында болады.

      Адам басына шаққанда ЖІӨ деңгейлерін салыстыру

      Сондай-ақ, түрлі елдердегі өмір сүру деңгейінің индикаторы ретінде сатып алу мүмкіндігінің теңдігі бойынша ЖІӨ-ні басшылыққа ала отырып адам басына келетін пайда деңгейіне талдау жүргізу де қызықты. 8-сурет пен 6-кестеде келтірілген мәліметтерде көрсетілгендей, Е7 елдері тіпті 2050 жылдың өзінде де аталған көрсеткіш бойынша G7 елдерінен артта болады. Уақыт өте келе олар G7 елдеріне жеткенімен, 2050 жылға қарай Қытайдағы адам басына шаққандағы пайданың орташа деңгейі АҚШ-тағы сәйкес көрсеткіштің жартысынан да аз болса, Үндістанда адам басына шаққандағы пайданың орташа деңгейі АҚШ-тағы деңгейдің төрттен бір бөлігі.

  • 6. Қорытынды және бизнес үшін мүмкін нәтижелер
    • Біздің зерттеуіміздің бірінші маңызды қорытындысы – Қытай мен Үндістан секілді дамушы елдердің экономикаларын өлшеп, оларды G7 елдерімен салыстырудың ешқандай әдісі жоқ. Талдау мақсатына байланысты не нарықтық айырбас бағамы (НАБ) терминдерінде, не сатып алу мүмкіндігінің теңдігі (САМТ) бойынша ЖІӨ көрсеткіші өлшемнің әлдеқайда негізделген құралы болуы мүмкін.

      Екінші қорытынды, 2050 жылға дейінгі біздің базалық сценарий бойынша Е7 елдері экономикасының көлемі нарықтық айырбас бағамы бойынша долларлық сипатта «Үлкен үштіктің» қазіргі елдерінің экономикасының жиынтық көлемінен 64%-ға немесе сатып алу мүмкіндігінің теңдігіне қайта есептеуде екі есе артық болады. Қазір бұл көрсеткіштер сәйкесінше 36% және 72% болып тұр.

      Үшіншіден, демографиялық үрдістерге байланысты Е7 елдерінің эконокалары өсімінің қатысты қарқынына айтарлықтай өзгерістер байқалуы мүмкін. Негізінен, алдағы 40 жылда Қытай мен Ресейде еңбекке жарамды халық саны едәуір азаяды деп болжануда. Үндістан, Индонезия, Бразилия, Түркия және Мекскика секілді жас мемлекеттерде еңбекке жарамды халық бұл кезеңде өсе бастайды. Бірақ, ғасырдың ортасында бұл елдер де халықтың қартаюы сынды мәселемен түйіседі.

      Төртіншіден, Үндістанның әлеуеті 2050 жылға дейін әлемдегі ең жылдам өсетін экономика атануына мүмкіндік береді және оның ЖІӨ-і осы кезеңнің соңына қарай нарықтық айырбас бағамы бойынша АҚШ ЖІӨ-нен 83%-ды құрауы немесе сатып алу мүмкіндігінің теңдігі бойынша одан 14%-ға асып түсуі мүмкін. Өсім қарқынының төмендеуіне қарамастан, 2050 жылға қарай Қытай экономикасы нарықтық айырбас бағамы бойынша АҚШ экономикасынан 35%-ға және сатып алу мүмкіндігінің теңдігіне шамамен 57%-ға асып түседі. Қытай әлемнің ірі экономикасы ретінде АҚШ-ты ЖІӨ көлемі бойынша 2018 жылы сатып алу мүмкіндігінің теңдігіндегі қайта есептеуде және 2032 жылы ғана нарықтық айырбас бағамындағы ЖІӨ бағалауы бойынша басып озуы мүмкін.

      Бесіншіден, «Үлкен жетілік» елдерініңжалпыәлемдік ЖІӨ-дегі үлесі төмендей бастайды (әйтсе де, жан басына шаққандағы пайда дамушы елдердегі жан басына шаққандағы пайдадан әлдеқайда жоғары боп қала береді). Бірақ, Е7 елдері экономикасының дамуы жаңа ірі нарық мүмкіндіктерінің пайда болуына байланысты «Үлкен жетілік» елдеріндегі орташа пайда деңгейінің ұлғаюына ықпал етеді. Әлемдік нарықтың ұлғаюы «Үлкен жетілік (G7) елдері компанияларының ең алдымен ел ішінде де, шетелде де едәуір артықшылықтары бар салаларда жұмыс жасауына мүмкіндік береді, ал G7 елдері шығаратын өнімді тұтынушылар Е7 елдері мен өзге де тез дамушы елдердің импорт тауарларының төмен бағаларының артықшылықтарын пайдалануды жалғастыра береді.

      Алтыншыдан, «Тез дамушы жетілік» пен «Үлкен жетілік» арасындағы сауданы жеңімпазы жоқ бәсекелестік ойыны емес, өзара тиімді процесс ретінде қарастыру қажет. Бұл АҚШ және ЕО елдерімен сауда айналымына деген тәуелділігін азайтуға және дамушы елдермен сауда көлемін ұлғайту мүмкіндігі ретінде қарастыруы тиіс британдық компанияларға қатысты әділ болады. Сондай-ақ, Е7 елдерінен шыққан халықаралық компаниялар тарапынан бәсекелестік күшейе түседі. Сондықтан, дамушы экономикалардың тарапынан бәсекелестік ықпалынан өз ұлттық нарығына сенген британдық және еуропалық компаниялардың нарық үлесі төмендей береді.

      Дамудың жылдам қарқынының нәтижесінде Қытай және Үндістан, сондай-ақ өзге де дамушы экономикалар энегрия тасымалдаушылар және су қорлары сынды табиғи қорларға қысым жасайтын болады және климаттық өзгерістерге қатысты процестерге ықпал етеді. Шикізат тауарларының бағасы жоғары күйде қалады. Бұл Бразилия, Ресей, Индонезия, Таяу Шығыс – экспортшы-елдердің экономикасының өсуіне және табиғи қорлардың импортшылары үшін өндірістік шығындардың өсуіне ықпал етеді.

  • Авторлар туралы
    • Лондондағы PwC макроэкономикасы бөлімшесі, Джон Хоксворт пен Анмол Тивари осы зерттеудің авторлары боп табылады.

  • Макрокономика бөлімшесі
    • PwC макроэкономикасы бәсекелестік және бизнесті реттеу, соттың істі қарауы кезінде қолдау көрсету қызметтері, тендерлік құжаттаманы және экономикалық дәйектемелерді дайындау, мемлекеттік саясат және жобаларды бағалау мәселелерінде, қаржы-экономикалық салада және тұрақты даму экономикасы және макроэкономика мәселелері бойынша консультациялық қызмет крсетудің кең түрін ұсынады. Біз барлық сала компанияларына қызмет көрсетеміз. Біздің тәжірибеде жанармай-энергетикалық сала, бұқаралық ақпарат құралдары, жоғары технология және телекоммуникация, көлік, денсаулық сақтау және мемлекеттік сектордың сарапшылары жұмыс істейді.

      Бұл жұмыс оның ішінде талқыланған мәселелер бойынша жалпы түсінік құру үшін дайындалды және кәсіби консультация боп табылмайды. Осы құжатта келтірілген ақпараттардың негізінде кәсіби маманмен кеңеспес бұрын қандай да бір іс-әрекет қабылдамаған жөн. Осы басылымда жарияланған ақпараттың нақтылығы пен толықтығына қатысты ешқандай кепілдеме берілмейді және заңмен қарастырылған шекте, PricewaterhouseCoopers LLP мен оған қатысушылар, қызметкерлер мен өкілдер осы жарияланымдағы ақпараттың немесе оны негізге алатын шешімді басшылыққа ала отырып сіздің жасаған немесе жасамаған іс-әрекетіңіз үшін жауап бермейді және мұндай жауапкершіліктен өздерін босатқан.




Яндекс.Метрика