Self made. Қоғам қайраткерлері

Рауан Кенжеханұлы

Казахстан06 Қыркүйек , 01:28

Анықтама:

Рауан Кенжеханұлы 1979 жылы дүниеге келген. Ұлты – қазақ, білімі – жоғары.

2011 жылы Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетінің халықаралық қатынастар факультетін тәмамдаған. 2004 жылы Мәскеудегі мемлекеттік басқару және халық шаруашылығы академиясының бизнес мектебін (MBA) бітірген.

Еңбек өтілін Ұлттық дебат орталығындағы «Дебаты» бағдарламасының ұлттық үйлестірушісі қызметінен бастады. 1998 – 2005 жылдар аралығында «Хабар» агенттігінің экономикалық шолушысы, «Хабар» агенттігінің Ресей Федерациясындағы меншікті тілшісі, «Жеті күн» бағдарламасының сараптама редакторы.

2005 – 2006 жылдары Ресей Федерациясындағы ҚР елшілігі баспасөз қызметінің жетекшісі, Ресей Федерациясындағы ҚР елшілігінің екінші хатшысы, мәдени-гуманитарлық серіктестік бөлімінің меңгерушісі, Ресей Федерациясындағы ҚР елшілігің бірінші хатшысы.

Қазіргі таңда «Bilim Media Group» ЖШС директоры, «Wikibilim» ҚҚ қамқоршылық кеңесінің төрағасы.

«Астана 10 жыл», «Жыл википедисті – 2011», «Wikimania 2011» халықаралық конференциясы төс белгілерінің иегері.

«Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев өзінің Қазақстан  халқына арнаған «Стратегия-2050» жолдауында алдағы жылдарда мемлекеттік тілдің дамуы жайында жаңа түсінік қалыптастырды. Сөз жоқ, тіліміз жаңғыртуды күтеді. Түрлі шектеулер мен бөгеттер ана тілімізді дамытпай, мектеп бағдарламасынан әрі шығармауда. Кез-келген адам тұлға ретінде де өз ана тілінде тәрбиеленуі тиіс. Ол үшін білім саласына, ғылымға, бизнеске, тенологияға, мәдениетке қатысты сапалы контент болу керек. Кез-келген тіл өздігімен тартымды, қуатты. Сол үшін қазақ тілінде өте қызықты, сұранысқа ие контенттер жинауымыз қажет.

Бәлкім сондықтан да болар, Елбасы аударма ісі мен терминология саласына барынша байыппен қарауды тапсырған еді. Естеріңізде болар, біздің «Қазақша Википедия» жобасы 2011 жылдың маусым айында басталған болатын. «Викимания» (Wikimania-2011) халықаралық конференциясының қорытындысы бойынша, «Қазақша Википедия» жыл Википедияс атанды.

Аталған жобаның мақсаты – Википедия ғаламдық энциклопедиясында қазақ тілін дамыту. Ондағы мақалаларды ерікті пайдаланушылардың өздері салып отырады»  - дейді Р.Кенжеханұлы.




Сонымен қатар:
Яндекс.Метрика