Шағын және орта бизнесті дамыту

ЕЖДБ қазақстандық ШОБ-тің инновациялық жобаларын несиелеуге дайын

Еуропалық жаңғырту және дамыту банкі (ЕЖДБ) шағын және орта бизнес саласындағы инновациялық жобаларды несиелеуге көмек көрсетуге дайын, деп хабарлады банк басшысы Сума Чакрабарти ҚР Президенті жанындағы Шетел инвесторлары кеңесінің XXVI пленарлық отырсы барысында.
Казахстан22 Мамыр , 22:45

"Қазақстанда ірі банктер қайта құрылымданған соң, жүйе қазір қалпына келу жолында. Оған қоса, үмітсіз қарыздардың жоғары деңгейі жеткілікті жоғары болып қалады. Бұл банктердің инновациялық жобаларды несиелеу мүмкіндігін шектейді. Әсіресе несие қаражатының жетіспеушілігінн шағын және орта бизнес кәсіпорындары ұшырайды. ЕЖДБ ШОБ несие қауіп-қатері рұқсаты саласында көмек көрсетуге дайын", - деді ЕЖДБ басшысы. 

Атап айтқанда, ол даму банкі Қазақстандағы интернет-инфрақұрылымды жақсарту бойынша жобаны жүзеге асыру мүмкіндігін қарайтынын хабарлады. 

"Бүкіл әлемде мобильді және кең жолақты технологияларға қолжетімділік бизнестің сипатын өзгертіп, үлкен емес инноваторларға қатысуға мүмкіндік береді. Бұл технологиялар қала мен ауыл арасындағы айырмашылықты жабу үшін аса маңызды, сонымен қатар ол орналасқан жеріне қарамастан жаһандық желіге қол жетімділік мүмкіндігін ұсынады. Сондықтан, ЕЖДБ "Қазақтелеком" АҚ-мен бірге Қазақстандағы Интернетке қолжетімділікті жақсарту мақсатында бірлескен жобаны жүзеге асыру мәселесін қарастыруда", - деп атап өтті С.Чакрабарти.

Жалпы алғанда, ЕЖДБ басшысының айтуынша, экономикаға инновацияларды сәтті енгізу адами капиталды дамытуға, жобаларды қаржыландыруға, жағымды бизнес орта құруға, инфрақұрылымға жағдай жасауға байланысты.
 




Яндекс.Метрика