Инновациялық Қазақстан - 2020 мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстанда оқу материалдарына тегін қолжеткізуге болатын ұлттық тарихтың веб-порталы құрылады

Қазақстанда сандық форматтағы оқу материалдарына тегін қолжетімді еліміздің ұлттық тарихының арнайы веб-порталы құрылады, деп хабарлады бүгін Мемлекеттік хатшы Марат Тәжин Қазақстанның ұлттық тарихын зерделеу бойынша Ведомствоаралық жұмыс тобының отырысында.
Казахстан05 Маусым , 00:00

«Кез-келген адам сандық форматтың кез-келген түрінде Қазақстан тарихы бойынша оқулықтарға тегін қол жеткізе алатын Қазақстан тарихының арнайы веб-порталын құруды тапсырамын... Бұл веб-портал Интернет желісінің қазақстандық сегментіндегі контенттің сегмент жасайтын көздерінің біріне айнала алады», - деді М.Тәжин.

Сонымен қатар, ол ұлттық тарих мәселелері бойынша қоғамдық пікірталас үшін ғылыми тұғырнама құру қажеттігін атап өтті. 

«Бұл жабық құпия жұмыс емес, бұл қоғамдық пікірталас алаңы, осыған байланысты баспа БАҚ-да және интернетте бірнеше тұғырнама құрылуы тиіс. Біз қоғамды осы үдеріске белсене қатысуға шақырамыз, мемлекеттік органдарға сәйкес тапсырмалар беріледі», - деді ҚР Мемлекеттік хатшысы.

Бұдан өзге, М.Тәжиннің айтуынша,  «онлайндық және баспа нұсқадағы «Ұлттық тарихтың өзекті мәселелері» атты бұқаралық ғылыми-танымал журнал жасау ұысынылды, ол «дилетантизм мен өз жанынан қосудан аулақ болып, стандарт пен талқылау планкасын құруға мүмкіндік береді».
 




Яндекс.Метрика