Инновациялық Қазақстан - 2020 мемлекеттік бағдарламасы

2013 жылдың соңына қарай «e- learning» жүйесіне 578 мектеп қосылады

2013 жылдың соңына қарай «e-learning» жүйесіне 578 мектеп қосылады. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы ОКҚ баспасөз мәслихаты барысында ҚР Білім және ғылым вице-министрі Мұрат Орынханов мәлімдеді.
Казахстан21 Тамыз , 00:00

«1-шi қыркүйек күнi 7 мың 398 мектеп 2,5 млн оқушы үшiн өз есiгiн ашпақ. Оқушылар саны жыл санап артып келедi. Ағымдағы жылы 265 мың бала бiрiншi сыныпқа барады. Жаңа оқу жылы бiрiшi сыныптан бастап шет тiлiн оқыту, жан басына шаққандағы қаржыландыру жүйесiн пилоттық режимде iске қосу, Абайтану, Алаштану жаңа пәндерiн енгiзу секілді жаңашылдықтарымен ерекшеледi»,- дедi вице-министр.

Сонымен қатар М.Орынханов «e-learning» жобасы бойынша атқарылған жұмыс барысына тоқталып өтті.

«581 білім беру мекемесі «e- learning» жобасына қосылды, жыл соңына дейін тағы 578 мектеп осы жүйеге қосылатын болады», - деп қорытты ҚР БҒМ өкілі. 




Яндекс.Метрика