Инновациялық Қазақстан - 2020 мемлекеттік бағдарламасы

2014 жылға қарай шағын елді мекендер кеңжолақты сымсыз интернетке қосыла алады

2014 жылға қарай елді мекендер кеңжолақты сымсыз интернетке қосылу мүмкіндігімен қамтамасыз етіледі. Бұл туралы көлік және коммуникация министрі Асқар Жұмағалиев Алматы облысының активімен кездескен кезінде мәлім етті, деп хабарлайды ведомсвто баспасөз қызметі.
Казахстан18 Ақпан , 00:00

«Оған қоса, 2013 жылдың аяғына дейін халық саны 50 адам шамасында және одан асатын барлық елді мекендер CDMA/EVDO технологиясы бойынша сымсыз интернетке қосылу мүмкіндігімен қамтамасыз етіледі», - деп көрсетілген баспасөз хабарламасында.

Сонымен қатар, CDMA/EVDO технологиясы бойынша Интернет желісіне сымсыз кең жолақты қолжетімділіктің ең жоғарғы жылдамдығы екі есе өсті.

1 ақпаннан бастап республикамыздың ауылдық елді мекендерінде CDMA/EVDO тенологиясы бойынша Интернет желісіне сымсыз қолжетімділік қызметі үшін мәліметтерді беру ең жоғарғы жылдамдық 512-ден 1024 Кбит/с дейін «Megaline 2000» және «Megaline 4000» («Қазақтелеком» АҚ) тарифтік жоспарларындағы абоненттік төлемдерін жоғарылатусыз көтерілді.

Еске салатын болсақ, 2012 жылы CDMA/EV-DO технологиясы бойынша интернеттің жылдамдығы 256-дан 512 Кбит/с дейін көтерілген болатын.

Сонымен қатар, ағымдағы жылдың қаңтарында CDMA/EVDO технологиясы бойынша сымсыз интернеттің пайдаланушылары үшін ауылдық елді мекендерде абоненттік төлемді көтерместен алдын ала төленген трафик көлемі 2 есе көбейтілді.




Яндекс.Метрика