ҚР Тілдерді дамыту және қолданудың мемлекеттік бағдарламасы

Қыркүйектен бастап ағылшын тілі 1-сыныптан оқытыла бастайды

2013 жылдың қыркүйегінен ағылшын тілі бірінші сыныптан бастап оқытыла бастайды. Бұл туралы білім қызметкерлерінің республикалық тамыз кеңесінде білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұлов мәлім етті.
Казахстан23 Тамыз , 00:00

 

«Республиканың жалпы білім беретін мектептерінде 1-сыныптан ағылшын тілін үйретуді аптасына 3 сағат көлемінде 2013-2014 оқу жылынан бастаймыз. Министрлiк 1-сыныптан ағылшын тiлiн енгiзуге  нормативтiк және әдiстемелiк бақылау жасауды қамтамасыз ету бойынша жоспар жасады», - деп хабарлады министр.  

Атап айтқанда, қазіргі мемлекеттік білім беру стандартына өзгерістер енгізіліп, 1-4 сыныптарда ағылшын тілін оқыту бойынша оқу бағдарламалары әзірленеді; сондай-ақ педагогтарға бастауыш сынып оқушыларымен жұмыс жүргізу әдісін оқыту мақсатында ағылшын тілі мұғалімдері үшін семинарлар мен тренингтер ұйымдастырылады. 

 




Яндекс.Метрика