ҚР Тілдерді дамыту және қолданудың мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстанда қазақ тілін үйренуге деген құлшыныс артуда

2012 жылы республиканың тіл уйрену курстарында 32 мың қазақстандық білім алған. Оның 9 мыңы ақысыз негізде.
Казахстан28 Маусым , 00:00

«2012 жылы еліміздегі тіл үйрету курстарынан 32500 адам білім алып шыққан. Оның ішінде 9 мыңнан астамы әлеуметтік жағдайы төмен отбасынан шыққан жандар. Сондықтан олар тегін тіл үйренген» деді Мәдениет және ақпарат министрі Мұхтар Құл-Мұхаммед Мемлекеттік тілді одан әрі жетілдіру жөніндегі комиссияның отырысында.

Оның айтуынша, тіл үйренемін деушілердің саны соңғы уақытта біршама артқан. Әсіресе, қазақ тілін білсем дегендердің қарасы көбейіпті.

Оқыту әдістемесін жетілдіру және стандартизациялау бойынша атқарылған жұмыстарды қорытындылай келе Құл-Мұхаммед Қазтест жүйесінің жасалып біткендігін мәлімдеді.

«Бес кезең бойынша тілдер міндетінің стандарттарын әзірледік. Лексикалық және грамматикалық минимумдар жарыққа шықты. Тілдер орталығының әдіскерлерімен және ұстаздарымен оқыту семинарлары өткізілді. Осылайша, қазақ тілін үйретуде әдістемелік бірізділікке қол жетті» деді министр.

Естеріңізге салайық, бүгін Премьер-Министр Серік Ахметов Мемлекеттік тілді одан әрі жетілдіру жөніндегі комиссияның кезекті отырысын өткізген болатын.




Яндекс.Метрика