Өңірлерде онкологиялық аурулар бойынша скринингтерді онкодиспансерлер үйлестіреді

Қазақстанда Ұлттық скринингтік бағдарламасы шеңберінде онкологиялық ауруларды ерте анықтау бойынша зерттеулер онкодиспансерлердің мамандарымен үйлестiріледi, деп хабарлады Медициналық жәрдем ұйымдастыру департаментінiң директоры Ажар Төлеғалиева.
Казахстан22 Сәуір , 00:00

«Онкологиялық ауруларды ерте анықтау бойынша скринингтердің бәрi онкология диспансерлерiмен үйлестiріледі. Онкодиспансерлер жанында консультация-диагностикалық орталықтар бар, оған скринингтер бойынша барлық талдаулар келіп түседі, себебі онда әлдеқайда тәжiрибелi мамандар жұмыс iстейдi. Онкологиялық нәтижелердiң бәрi аймақ бойынша жинақталып, бақылаудан өтеді», - деді А.Төлеғалиева.
Айта кету керек, скрининг үшiн талдау алғашқы медициналық көмек пункттерінде жиналады, олар емханалар  және тұрғылықты жерi бойынша амбулаториялар.

Ведомство өкілі түсіндіргендей бүгінгі таңда барлық емханалар скринингтердi жүргiзуi үшiн қажеттi жабдықтармен жабдықталған. Орталықтандырған скрининг зерттеулерiн жүргiзуде пайдаланатын жабдықтардың бәрi iс жүзiнде республикалық бюджет қаражатына орталықтандырылып, ҚР денсаулық сақтау министрлiгі бекіткен техникалық талаптарға сәйкес сатылып алынады.

Скринингтік зерттеулер өткiзуге қатысатын көптеген мамандар диагностика және обырды ерте кезеңінде емдеу бойынша бір орталықта біліктілікті жоғарлатудан өтеді, бұл тексеруге көлемдер мен тәсiлдерді стандарттауға мүмкіндік береді.

Департамент басшысы атап өткендей, скринингтер онкопатология белгiлi түрлерiнде ғана тиiмдi - жанында диагностиканың тәсілдері бар, белгілі талаптарды қанағаттандыратын - жоғары сезiмдi, жоғары спецификалық, қымбат емес, аз инвазиялы, зерттеу өткізген жерлерге тәуелсіз жеңiл жаңадан өндiрiлетiн және қайталанатын - алшақ немесе жақындатылған орындарда.
«Халықтың мақсатты топтары үшін және медициналық көрсеткіштер бар болған жағдайда тексеру тегін», - деп атап өтті А. Төлеғалиева.
 




Яндекс.Метрика