ҚР Тілдерді дамыту және қолданудың мемлекеттік бағдарламасы

Елордада жұмыссыздар үшін тегін оқу курсына қабылдау жүргізілуде

Қазір әлем бойынша оқыту, қайта оқыту, кәсіптік жағынан қайта дайындау - жұмыссыздардың мәселесін шешу мен оларды әлеуметтік қорғау болып табылады. Осыған байланысты Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы жұмыссыздарды тегін оқыту үшін курс жинақтауда.
Астана қаласы24 Сәуір , 00:00

Астанада олар қоғамдық тамақтандандыру орындарында әкімші, С, Д, Е, санатындағы жүргізуші, такси жүргізушісі, автомобиль жөндеу слесары, офис-менеджер және сату  менеджері, кадр қызметінде іс жүргізуші, балташы, лифтер, жолсерік, диспетчер, тағы да мамандықтарға оқи алады. Тілек білдірушілер инженерлік графиканың әліппесін (AutoCad) байқап көру мүмкіндігіне де ие болады.

 Қазақстан азаматтары мен тарихи отандарына оралған бауырларымыз тіл үйренгісі келсе, басқармаға келіп, қазақ және ағылшын тілдері курсын бітіру мүмкіндігі бар. 

Курстарда оқыту - мамандыққа байланысты 1-ден 3 айға дейін. Бітіргесін сертификат беріледі. Қайта оқытылғандар бүгінде 3000-ға тарта бос жұмыс орны бар Астана қаласы әкімдігінің Жұмыспен қамту орталығына жұмысқа орналаса алады. 

«Тегін курсқа оқуға жазылу үшін Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына келсе, жеткілікті, - дейді astana.k сайтына Басқарма бастығының орынбасары Олжас Омар. – "Ал құжаттардан жеке куәлігі немесе паспорты болуы қажет. Біз адамның зейнетақы аударымы мен жұмысын тексереміз. Ол шынында да жұмыссыз болса, тілік білдірген курсына жазып, топ толық жинақталған кезде оқуға шақырамыз», - деді ол.

Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы Брусиловский к-сі, 17/ мекен-жайда орналасқан.




Яндекс.Метрика