Ана мен баланы қорғау

«Отбасы. Ұрпақтардың әлеуметтік әділеттілігі» халықаралық конференциясы

6-қыркүйекте Астанада, «Rixos» отелінде «Отбасы. Ұрпақтардың әлеуметтік әділеттілігі» атты халықаралық конференция болады. Оның мақсаты саяси, заңнамалық және әлеуметтік-экономикалық негіздерді одан әрі жетілдіру, отбасының престижі мен культін нығайту.
Казахстан07 Қыркүйек , 00:00

Ұйымдастырушы - «Республикалық әйелдер кеңесі» ҚБ, бас демеуші - «Самұрық-Қазына» АҚ.
Конференция жұмысына ҚР Парламентінің депутаттары, мемлекеттік органдардың басшылары, қоғам қайраткерлері, шығармашылық, ғылым, білім беру және денсаулық сақтау салаларының, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, Ресей Федерациясынан, Беларуссия Республикасы мен Литва Республикасынан келген әйелдер делегациялары қатысады.




Яндекс.Метрика