Индустриялдық аймақтарды қаржыландыру кезінде моноқалаларға көңіл бөлінеді

Қазақстанда индустриялдық аймақтарды қаржыландыру кезінде өңірлік саясат артықшылықтарына сәйкес шағын және моноқалаларды дамытуға баса көңіл бөлінеді, деп хабарлады ҚР өңірлік даму вице-министрі Серік Жұманғарин.
Казахстан15 Шілде , 00:00

«Ағымдағы жылы 5 индустриялдық аймақтарды қаржыландыруға 3 өңірде  2,5 млрд теңге бөлінген… Индустриялдық аймақтарды қаржыландыру өңірлік саясаттың артықшылықтарына толық сәйкес жүргізіледі деп күтілуде, экономиканы әртараптандыру мақсатында жоғары және орта әлеуеті бар шағын және моноқалаларға көңіл бөлінеді», - деді С.Жұманғарин.

Сонымен қатар, ол жылына шамамен 5-7 индустриялдық аймақты конкурстық негізде қаржыландыру жоспарланғанын атап өтті. 
                            
Әкімдіктердің мәліметінше, 12 өңірле бірқатар аймақ құру жоспарланған. Сонымен қатар, болашақта жеке индустриялдық аймақ құру жоспарланғаны айтылды.  

Айта кету керек, тұжырымдамаға сәйкес индустриялдық аймақтар операторы ӘКК, яғни басқару компанияларын құру жоспарланған. 

Қазіргі уақытта компанияның басқару құрамын мамандармен қамтамасыз ету үшін кадрлық мәселе қаралуда.
 




Яндекс.Метрика