ҚР ИИДМБ

Қазақстанда «Бұлтты жоба» атты жаңа жобаның таныстырылымы өтті

Бүгін Алматыда «Даму» ұлттық әл-ауқат қорында қазақстандықтарға «бұлтты жоба» атты жаңа өнімнің таныстырылымы өтті.
Астана қаласы02 Шілде , 00:00

Осы мәселеге байланысты өткен баспасөз мәжілісінде Almacloud компаниясының бас директоры Санжар Алтаев «бұлтты технологияның әлемде үлкен өзгерістер алып келетіндігін айтты.

«Бұлтты технологиялардың көмегімен адамдар компьютердің қуаттылығына тәуелді болмайды. Оның үстіне, жаңа жоба бүгінгі компьютерлік бағдарламалардан әлдеқайда арзан. Сондай-ақ, оны әлемнің кез-келген елінде, кез-келген қондырғыда және кез-келген тілде қолдануға болады» дейді бас директор. Осынау жаңа технологиялардың арқасында кіші кәсіпорындар нарықтағы өз позициясын жоғалтпай, дами беретін көрінеді.




Яндекс.Метрика