Қазақстан - жалпыға ортақ еңбек қоғамы

Смурыгиндер әулеті: жалпы еңбек өтілі 235 жыл

«Үлбі металлургиялық зауытындағы» Смурыгиндер жұмысшылар әулетінің жалпы еңбек өтілі 235 жылдан асады.
Шығыс Қазақстан16 Тамыз , 00:00

«Зауыттағы жалпы еңбек өтілі – 235 жыл. Аталған отбасы мүшелері зауыттың қалыптасуы мен дамуына орасан зор үлес қосқан. Әулеттің әрбір мүшесі марапатқа ие. Отағасы «Ерен еңбегі үшін» төсбелгісімен марапатталған. Ал, ұлы КСРО-ның қола медаліне ие. Күйеу баласы – ҚР атом саласына еңбегі сіңген жұмысшы, оның есімі зауыттың Құрмет кітабына енген. Ол ҚР Президентінің құрмет грамотасымен де марапатталған» дейді зауыттың баспасөз хатшысы Вера Епифанова.

«Әулеттің отағасы Иван Федоровичтың өмірден өткеніне көп болған жоқ. Оның ұлы Сергей Смурыгин «ҮМЗ» АҚ-да қойма шаруашылығы жүгін қабылдап алушы болып қызмет атқарады. Екінші ұлы Николай Иванович металлургиялық орталықтың зейнеткері. Келіні Наталья Григорьевна Смурыгина зауыттың сервис орталығында арнайы киімдерді жуу бойынша машинист. Күйеу баласы Николай Ситьков сервис орталығының механигі. Жиені Василий Смурыгин болса «ҮМЗ» АҚ-ның зейнеткері. Ал, немересі Илья Смурыгин зауыттың сервис орталығында аппарат қызметкері» дейді ол.

«Смурыгиндер отбасының ерекшелігі, Үлбі зауытының өзге қызметкерлері секілді – өнертапқыш, өз кәсіпорнының, Отанының дамуына құлшынып кіріседі. Жыл сайын бұл отбасының мүшелері зауытта аянбай тер төгіп келеді. Олар өнімділікті арттыруға атсалысты, өз еңбегін жетілдіруге ұсыныстар жасай отырып, өз әріптестеріне көмектесті. Еңбексүйгіштігі мен қабілеттіліктері оларды зауытқа еңбегі сіңген қызметкерлер қатарына енгізді. Олар әр уақытта түрлі марапаттарға ие болып келеді». Нақ осындай отбасылар ұлттық әлеуметтік саясаттың тұрақтылығына кепіл бола алады. Осы секілді өз ісінің шеберлері жайында Елбасы «Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» атты мақаласында ашып айтады. Еңбек адамы республикамыздағы әрбір тұрғын үшін бетке ұстар азамат болуы тиіс.




Яндекс.Метрика