Жасыл даму 2050

«Жасыл көпір» стратегиясы Алматыдағы экологиялық ахуалды жақсартпақ

«Жасыл көпір» бағдарламасы Алматыдағы экологиялық ахуалды жақсартуға мүмкіндік жасайды. Бұл жайында Алматы қаласы табиғи қорлар және табиғи пайдалануды реттеу басқармасы экологиялық ақпараттар бөлімінің басшысы Назия Аухинова мәлімдеді.
Казахстан23 Мамыр , 00:00

«Бұл стратегиялық бағдарлама Алматының экологиялық ахуалын жақсартады. Оның аясында әлемдік экологиялық талаптарға сәйкес мемлекеттік жоспарлау жүйесінің стратегиялық принциптері қарастырылған. Алматыдағы экологиялық проблемаларды шешу үшін жүйелі түрде шешу керек. Біз бүгінгі күнге дейін табиғатқа байланысты әрбір бағдарламамен жеке-жеке жұмыс істеп келдік. Ал, енді олардың барлығы «Алматы қаласының 2011-2015 жылдарға арналған даму» бағдарламасына біріктіріліп отыр. Онда қалалық кәсіпорындардың ауаға зиянды қалдықтарды тастауын реттеу жөнінде нақты тетіктер көрсетілген. Аталған бағдарламаға сәйкес, жыл сайын табиғатқа тасталатын зиянды қалдықтардың көлемін 5 пайызға төмендетіп отыру керек деген нақты тапсырма бар» дейді Н.Аухинова.

Естеріңізге салайық, Мемлекет басшысының бастамасымен Қазақстан әлемдік қоғамдастыққа ғаламға жаһандық энергоэкологиялық стратегияны «Жасыл көпір» аймақтық серіктестік бағдарламасын қабылдауды ұсынған болатын. Оның басты мақсаты – «жасыл» бизнеске, «жасыл» технологияға және «жасыл» инвестицияға жағдай жасау.




Яндекс.Метрика