Қазақстан Еуразияда жаңашылдықтар экспортының орталығына айналу мақсатын қойып отыр

Қазақстан үздік әлемдік тәжірибелерді белсенді түрде үйренуде. Бұл туралы Астанада Жоғары білім көшбасшылары Еуразиялық форумының ашылу салтанатында Премьер-министр орынбасары Ербол Орынбаев мәлім етті.
Казахстан05 Қыркүйек , 00:00

«Назарбаев университеті Going Global мен World Class Universities-пен бір қатарда жаһандық пікіралмасу алаңы ретінде қызмет атқарып, Қазақстанды әлемдік академиялық қауымдастыққа танытып отырғаны мен үшін аса қуанышты», - деді Премьер-министр орынбасары. 

Ол, сонымен қатар, Қазақстан үздік әлемдік тәжірибелерді игеріп, алдына орталық-азиялық аймақта, ТМД мен жалпы Еуразияда білім мен ғылыми жаңашылдықтар экспортының орталығына айналу сынды зор мақсат қойып отырғанын атап өтті. 

«Біздің ұмтылысымыздың жарқын көрінісі – Назарбаев университеті. Бүгінгі күні ол Қазақстанда заманауи инновациялық орта қалыптастырып, өзінің ғылыми әлеуетін, алдыңғы қатарлы халықаралық карлары мен еліміздің дарынды жастарын жетілдіріп отыр», - деді Е.Орынбаев.  

Сондай-ақ биылдан бастап Назарбаев университеті білім және ғылым министрлігімен бірлесіп еліміздегі өзге оқу орындарындағы басқару тәжірибесін трансферттеу тұжырымдамасын әзірлеуге кірісті. Сонымен бірге университет академиялық қызмет саласында ғана емес, инновация және өндіріске ғылымды енгізу бойынша да өз тәжірибесімен бөліседі. 

«Қазақстандық жоғары білім үшін Назарбаев университеті мемлекетке қазіргі университеттерді реформалап, жоғары білім беру саласында жаңа институттар құруға мүмкіндік беретін тәжірибе алаңы», - деді Е. Орынбаев.




Яндекс.Метрика