Ақылды экономиканы дамыту

ШҚМТУ «ақылды» экономиканы дамытуға кірісті

Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ-да әлемнің алдыңғы қатарлы 64 лекторы дәріс оқыды.
Шығыс Қазақстан15 Мамыр , 00:00

1958 жылы негізі қаланған Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университеті елдің ең ірі ЖОО-ларының бірі болып табылады.

Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университеті – Өскемен қаласындағы техникалық және экономикалық бағыттағы мамандар даярлайтын жоғары оқу орны.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университеті» Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны өзінің білім беру қызметін 1958 жылдан бастап жүргізеді, және де Қазақстан Республикасының кәсiпорындары үшiн бакалавриат пен магистратураның инженерлiк-техникалық, ақпараттық-технологиялық, экономика-басқарушылық, ғылыми-жаратылыстану, сәулеттік-дизайнерлік мамандықтарының кең спектрі бойынша мамандар дайындығын қамтамасыз етедi.

Университет қызметi бас стратегиялық инновациялық жобаларды жүзеге асыруға бағытталған – Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық даму стратегиясы, Қазақстан Республикасындағы бiлiмді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған Мемлекеттiк бағдарламасы, Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдаулары.

Д.Серiкбаева атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттiк техникалық университетi 2009 жылғы 18 қарашада Тараз декларациясына қосылып, оның қағидаларын iске асыру бойынша өзіне мiндеттемелер алды. Қазақстан Республикасы университеттерiнiң меморандумы (.pdf, 192Кб).

Жоғары оқу орны 2010 жылғы 17 қыркүйекте Университеттердiң Ұлы Хартиясына қол қойды.

Жоғары оқу орны 2010 жылы Институциялық аккредитация туралы куәлiк алды, сериясы А №000012, 30.06.2010 жылы берілген.

ШҚМТУ 2011 жылы мемлекеттiк аттестаттау комиссиясымен оң бағаланып, 5 жылдық мерзiмге аттестатталды, 11.03.2011ж. №148 бұйрығы.

ШҚМТУ Сапа менеджменті жүйесі (СМЖ) National Quality Assurance Limited уәкiлетті ұйымымен ИСО 9001:2008 стандартының талаптарына сәйкестiлікке бағаланып, тiркеуден өтті (2006 жылғы 21 наурыздағы №20688 Сәйкестiлік сертификаты, 19.06.2009 жылы қайта басылып шықты).

ШҚМТУ-дың екi бiлiм беру бағдарламасы: 050703 «Ақпараттық жүйелер» және 050713 «Көлiк, көлiк техника және технологиялар», imageEUR-ACEқоғами-кәсіптік аккредитациядан өтіп, Еуропалық желiнiң Инженерлiк бiлiм саласындағы аккредитациялау сертификаттарын (ENAEE) алды, оларға «Еуропалық сапа» (EUR-ACE Label) белгiсi берілді.»

Қазiргі кезде ШҚМТУ – Қазақстанның ең iрi жоғары оқу орындарының бiрi, Шығыс Қазақстан облысындағы алдыңғы қатарлы ғылым, білім және мәдениет орталығы. Университеттің 5 факультетінде 43 мамандық бойынша мамандар оқытылады. Онда 11 мыңнан астам студент бар.

Университет базасында Қазақстанда тұңғыш рет «университет-технопарк» аталатын инновациялық университет үлгісі құрылып, Алтай ғылыми-техникалық бағы жұмыс істейді. Оқу-ғылыми-инновация-өндірістік кешен жемісті жұмыс атқарып, студенттік технологиялық бизнес инкубатор құрылған. Университет қабырғасында Жоғары технологиялар аймағы бағдарламасы жемісті жүзеге асырылуда.

Профессорлық-оқытушылық құрылым саны – 600 адамнан асады, олардың арасында 40-қа жуық ғылым докторлары мен 270 кандидаттары бар.

Университет техникалық, экономикалық және шығармашылық бағыттағы 41 мамандық бойынша бакалавриат, 36 – магистратура кадрларын дайындауда. Сонымен қатар 6 мамандық бойынша PhD докторантура да бар. Қазіргі уақытта университетте 9 мыңға жуық студент, магистрант пен докторант дәріс алуда.

Университет құрамына 28 кафедраның басын біріктіретін 5 факультет кіреді: тау-кен-металлургиялық, архитектуралық-құрылыс, машина құрылысы және көлік, ақпараттық технология мен энергетика, экономика мен менеджмент. Сондай-ақ IT-колледжі, қашықтықтан білім беру орталығы, ЖОО-дан кейінгі және жаңа білім беру технологиялары институты бар.

2011 жылы университетке шетелдік ғалымдар мен консультанттарды тарту үшін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі 80 млн. теңге көлемінде қаражат бөлді. Соның арқасында студенттер, магистранттар мен докторанттар әлемнің алдыңғы қатарлы 64 лекторының дәрісін тыңдау мүмкіндігіне ие болды.




Яндекс.Метрика