Медициналық білім беру жүйесін жақсарту

Астанада Қазақстан кардиохирургтарының ІІ ұлттық конгресі өтеді

7-8 қыркүйекте Астанада кардиохирургтардың ІІ ұлттық конгресі өтеді, деп хабарлайды «Стратегия 2050» ресми сайты.
Астана қаласы07 Қыркүйек , 00:00

Жиын барысында кардиология, кардиохирургия, интервенциондық кардиология, аритмология, ядролық медицина, мейірбике ісі салалары бойынша пленарлық отырыс өтеді деп жоспарланған. Әрі кардиохирургия, балалар кардиохирургиясы мен ядролық медицина, кардиология және сауықтыру, мейірбике ісі бойынша секциялар жұмыс істемек.

Сонымен қатар ҰҒКО базасында шеберлік класстары өтеді.

Конгреске ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің өкілдері, «Ұлттық медициналық холдинг» АҚ, «Ұлттық кардиохирургиялық орталық» АҚ басшылықтары, сондай-ақ АҚШ, Германия, Израиль, Чехия, Түркия, Литва, Ресей және басқа да елдерінің танымал кардиологтары қатысады.




Яндекс.Метрика