Қазақстан - жалпыға ортақ еңбек қоғамы

Китуевтар әулеті: жалпы жұмыс өтілі 301 жыл (ФОТО, ВИДЕО)

Ел тарихында есімдері алтын әріппен жазылған, өз тағдырын өзі қалаған, соңынан елеулі із қалдырған жандардың өмір жолы әркез күрделі. Болашақ ұрпақ кәсіби шеберлік пен патриотизмнің эталоны ретінде теңесуге ұмтылатын адамдардың өмірі тар жол, тайғақ кешуден тұрады. Қазақстан мұнай-газ секторының мақтанышы және Китуевтар әулетінің негізін қалаушы Киту Алпысбаев - осындай адам.
Ақтөбе 16 Тамыз, 00:00

Ол 1904 жылы Ембі мұнай кәсібі өндірісінің бастауында тұрды. Осынау жеңіл айтылған  сөздердің сыртында ұзақ сағаттарға созылған қиын жұмыс күндері, төзімділікті қажет ететін қол еңбегі мен әрдайым қауіп астында өтіп жатқан өмір тұрғанын біле бермейміз. Осынау қиындықтар мен алапат сынақ жылдары селт етпей, қазыналы жеріміздің қойнауынан қара алтын өндірумен айналысатын жан - шынында да батыл адам.

Киту Алпысбаевтың тасыған күш-жігері жемісті жалғасын тапты: ұлы Нұрғазы Китуев, немерелері мен шөберелері әке жолын жалғады.  Жер қойнауынан алтын алып шығу, әрине, құрметті іс. Алайда алтын жүрек, алтын қол және алтын мінезді еңбек адамы болу құрметі одан бірде-бір кем емес.





Яндекс.Метрика