Жасыл даму 2050

Астанада EXPO 2017 өткізу SMART city жобасын қарқынды іске асыруға серпін береді - Билл Хатчисон

Қазақстаннның елордасы үшін EXPO 2017 халықаралық көрмесі SMART city жобасын қарқынды іске асыруға серпін береді, деп хабарлады «Ernst & Young» «ақылды қалаларды» Дамыту орталығының атқарушы директоры i-CANADA қауымдастығының басшысы Билл Хатчисон Рrimeminister.kz сайтына берген эксклюзивті сұхбатында.
Казахстан29 Мамыр , 00:00

«Астанада EXPO 2017 өткізу SMART city жобасын қарқынды іске асыруға серпін береді. «Ақылды» қала – бұл коммуникациялар жаңа технологияларға құрылатын болашақтың зияткерлік қоғамдастығы. Зияткерлік қауымдастықтың негізгі компоненттері - экономикалық, экологиялық және әлеуметтік», - деді Б.Хатчисон.

Сонымен қатар, ол Астанада EXPO 2017 өткізу – бірегей және керемет мүмкіндік екенін атап өтті. 

«Қазақстан үшін EXPO-2017 – елдің бизнес жүргізуге ашықтығы, инновацияларға берілгендік пен «жасыл» экономика көшбасшылығын көрсететін әлемдік қауымдастығы бар коммуникация. 

Оған қоса, канадалық сарапшының пікірінше, Қазақстанның макроэкономикалық тұрақтылығы мен елдің өсу перспективалары SMART city жобасын жүзеге асыру үшін бірегей мүмкіндік болып табылады. 

«Менің пікірімше, «ақылды» қала жобасын сәтті жүзеге асыру үшін Астанаға тән бірегей мүмкіндіктер – макроэкономикалық тұрақтылық пен өсу перспективалары, инновацияларға көзделу және көшбасшылықтың тұрақтылығы», - деп басып айтты Б.Хатчисон.

Сонымен қатар, ол инновацияларға қатысты «Назарбаев Университет» ерекше рөл атқаратынын, соның базасында инновациялық кластер құру жоспарланғанын атап өтті. 

Өз кезегінде «ақылды қалаларды» дамыту бойынша сарапшы SMART city жобасын сәтті жүзеге асырған жағдайда экологиялық, экономикалық және әлеуметтік салаларда маңызды нәтижелерге қол жеткізуге болатынын айтты. 
«Әлеуметтік компоненттің маңызы ерекше, кейде адамдар «ақылды» қала – технологиялар деп есептейді, негізі технологиялар – қоғамның экономикалық және әлеуметтік өркендеуіне қол жеткізудің құралы», - деп сендірді i-CANADA қауымдастығының басшысы.




Яндекс.Метрика