Энергетика саласын дамыту

Қазақстанда 2017 жылға дейін энергияның таза көздерін өндіру бағдарламасын жүзеге асыру басталады

Қазақстанда ағымдағы жылдан бастап 2013-2017 жылдарға арналған «Қазақстан Республикасында энергияның таза көздерін өндіру» ғылыми-техникалық бағдарламасы жұмыс жасай бастайды, деп хабарлады ҚР білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұлов VI Астана экономикалық форумы шеңберінде өткен «Қазақстанның келешек тұрақты энергетикасының стратегиясы» панельдік сессиясында.
Казахстан23 Мамыр , 00:00

«Біздің министрлік ЭКСПО-2017 көрмесінің тұжырымдамасына сәйкес ұсыныстар жасады, сонымен қатар 2013-2017 жылдарға арналған «Қазақстан Республикасында энергияның таза көздерін өндіру» жаңа ғылыми-техникалық бағдарламасы іске асыру осы жылдан басталады», - деді Б.Жұмағұлов.

Сонымен қатар, ол аталған бағдарлама аясында 2050 жылға дейін Қазақстанның келешек тұрақты энергетикасының стратегиясын қалыптастыру және ілгерілету басталатынын атап өтті. 

Аталған стратегия, Білім министрлігі басшысының айтуынша, 5 маңызды компонентті біріктіруі тиіс - жаһандық энергиялық-экологиялық стратегия идеялары, «Жасыл көпір» ынтымақтастық бағдарламасы, ЭКСПО-2017 көрмесін өткізу, қазір ұлттық компаниялар жүзеге асырып жатқан энергиялық-экологиялық бастамалар.
 




Яндекс.Метрика