Энергетика саласын дамыту

ҚР-да электрлік қуаттылық нарығын құру қажет - Ә.Мағауов

Қазақстанда элерлік қуат нарығын құру қажет, деп хабарлады бүгін Астана экономикалық форумы (АЭФ) алаңында «Болашақ энергиясы өмірімізді өзгерте ала ма?» атты интерактивті пікірталас барысында «KAZENERGY» Қазақстандық мұнай-газ және энергетикалық кешені ұйымы» ЗТО бас директоры Әсет Мағауов.
Казахстан23 Мамыр , 00:00

«Қазақстанда электрлік қуаттылық нарығын құру қажет, яғни бізде электр энергиясының нарығы құрылған, бірақ энергетикалық қуаттылық нарығы талқылау кезеңінде және әлі іске қосылған жоқ. Онсыз оңтайлы басым қуаттылыққа қол жеткізу қиын болады»,- деді Ә.Мағауов.

Сонымен қатар, ол оңтайлы қуаттылықтар энергия жүйесінің жеделдігін және Smart Grid - интеллектуалды энергия желілері жүйесін құруға мүмкіндік береді.

Оған қоса, қауымдастық басшысы энергияның қорлануы мен конденсаторларды пайдалану мәселелерін шешуге мүмкіндік беретін технологиялық серпін керектігін басып айтты.

 




Яндекс.Метрика