Өңірлер

Қазақстандық компаниялар өндіріп жатқан мұнайдың басым бөлігі ішкі нарықты қамтамасыз етуге бағытталуда (ФОТО)

Қазақстандық компаниялар өндіріп жатқан мұнайдың басым бөлігі ішкі нарықты қамтамасыз етуге бағытталып жатыр, деп ҚР МГМ Ұзақбай Қарабалин ағынан жарылды.
Астана қаласы 30 Шілде, 17:34

«Қазақстандық компаниялар өндіріп жатқан мұнайдың басым бөлігі ішкі нарықты қамтамасыз етуге бағытталып жатыр. Оның тек шағын бөлігі ғана экспортқа шығарылады. Негізінен бұл Еуропа елдері мен АҚШ-тың инвесторлары және олар өз компанияларына қатысты санкциялар қабылдайды деп ойламаймын», - деді министр сөз басында. 

Бұған қоса, ведомство басшысы  қазіргі таңда көптеген мемлекеттер экономикасының қарқынды дамып жатқанын атай келе, мұнай өнімдеріне деген сұраныстың жоғары болып отырғанын айтты.

«Ресей санкцияларға байланысты экспорт көлемін азайтатын болса, мұнайдың басым бөлігін олар өздерінің зауыттарында өңдейтін болады. Мұнай өнімдерінің басым бөлігі бізге жеткізілуі мүмкін. Мұндай санкциялар біздің нарықтағы мұнай өнімдерінің азаюына әкеліп соғады деп ойламаймын», - деп ол түйіндеді.

Индира Кауметова

Суретті түсірген Азамат Әлиев 





Яндекс.Метрика