Адами капитал

ЕХӘҚМ-де жарты жылдың қорытындысы бойынша алқа отырысы өтті

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде 2014 жылдың бірінші жарты жыл ішінде атқарылған жұмыс қорытындысы бойынша коллегияның кеңейтілген алқа отырысы өтті, деп ведомствода хабарлады.
Астана қаласы30 Шілде , 18:47

«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасының ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығында іске асырылу нәтижелері таныстырылғаннан кейін бағдарламаның бір бағыты бойынша төмен көрсеткіштерге ие облыс әкімдері сөз сөйледі. Бағдарлама іске асырулы кезеңінде - 2011 жылмен 1.07.2014 жыл аралығында - 326 мың адам қамтылған.

Министр жиналысқа қатысушылардан үйлесімді және тиімді жұмысты талап етіп, әлемде аналогы жоқ бағдарламаның ең басты міндеті – халықтың нысаналы топтарын еселі еңбекке тартуы екені туралы айтты. Жарты жылдықтың қорытындысын талқылай отырып, Т.Дүйсенова «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасы шеңберінде келесі жылы бөлінетін қаражат осы жылдың нәтижесімен байланысты болатынын атап өтті. Бағдарламаның осы жылғы индикаторларына жету үшін жұмыс тиісінше орындалмаған жағдайда, Еңбекмині 2015 жылы аумақтардың қаржыландыру көлемін қайта қарау жөнінде өз бетінше шешім қабылдайтын болады.

Мүгедектерді бейімдеу және жұмысқа орналастыру карталары бойынша қызметке мониторинг жүргізу туралы мәлімдей отырып, Мемлекет басшысының «кедергісіз орта» құру туралы тапсырмасын орындау мақсатында, министр алқа отырысына қатысушыларды әлеуметтік маңызы бар объектілерде (мектептер, ауруханалар, оңалту орталықтары, кітапханалар және т.б.) жүргізіп жатқан  бейімдеу жұмыстарының сапасына аса назар аударуды талап етті.

Есептер сондай-ақ алқа барысындағы талқылаулардың нәтижелері бойынша, ведомствоның құрамдық бөлімшелері мен жергілікті орындаушы органдардың өкілдері әлеуметтік-еңбек саласындағы бірлескен қызметтің тиімділігін арттыруға бағытталған өзара іс-қимыл тетігін әзірледі. 




Яндекс.Метрика