Франция сарапшылары елорда мамандарына ASTAINABLE жобасын іске асыру бойынша кеңес берді

21-30 шілде аралығында Астанаға EIFFAGE-EGIS-GDF SUEZ консорциум өкілдерінен құралған делегаттар келеді, деп хабарлайды «Астана Innovations» АҚ баспасөз қызметі.
Астана қаласы30 Шілде , 18:29

Астана қалалық сәулет және құрылыс басқармасы, «Астанабасжоспар» ғылыми-зерттеу жобалау институты» ЖШС, «Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық компаниясы» АҚ мен «ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесінің дайындық дирекциясы» ЖШС қазақстандық мамандарға кеңес берді.  

Кеңес барысында тараптар қала қызметінің түрлі салаларының күн тәртібіндегі мәселелері мен жоспарларын талқылады.

Естеріңізге сала кетейік, Астана қалалық әкімдігі мен Франция үкіметі арасындағы өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы Меморандум аясында ASTAINABLE жобасы жұмыстары басталып кетті.

Astainable жобасы (ағылшынша Astana (Астана) және sustainable (тұрақты) сөздерінің қысқартылған түрі) Франция үкіметі тарапынан қаржыландырылады. Аталмыш жоба тендері Францияның сыртқы сауда министрлігі тарапынан жүргізілді. Оны француздың IFFAGE, EGIS, GDF SUEZ компаниялар консорциумы жеңіп алды. Бұл компаниялар құрылыс, инженерлік пен энергетика бойынша Франциядағы көшбасшылар және ақылды қала салу мен тұрақты даму саласында айтарлықтай тәжірибеге ие.

«Астана Innovations» АҚ Меморандумға сай, ASTAINABLE жобасының үйлестірушісі ретінде Астана қаласының мүддесіне қызмет етеді.

Жобаның соңында дайындалып жатқан сценарийлер негізінде алдағы ЭКСПО-2017 көрмесіне дейін қысқа мерзімдік және 2030 жылға дейінгі мерзімде ұзақмерзімдік қаланың даму жобасы таныстырылады.




Яндекс.Метрика