Өңірлер

Павлодар облысында ШОБ кәсіпкерлері үшін кешенді консультациялар өтуде

Павлодар облысында Ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен «Қазақстанның Халық Банкі» АҚ арасында түзілген меморандум аясында бизнес бойынша консультациялау жұмыстары жүргізілуде, деп palata.kz хабарлады.
Павлодар30 Шілде , 17:51

Меморандум аясында қаржы мекемесінде шағын және орта кәсіпкерліктер үшін кешенді консультациялар жүргізілуде. Бұл үрдіс үшін банк филиалында менеджер бар. ШОБ өкілдері жоспарлы қаржыландыруды тиімді жүргізу бойынша кеңестер ала алады, сондай-ақ, салық салу мен жеке меншік кәсіпкерліктерге мемлекеттің көрсететін көмегі жайлы айтылды. Банк менеджерлері кәсіпкерлерге банк көрсететін қызмет түрлері туралы айтып береді.

Сондай-ақ, павлодарлық банк филиалы мен облыстық палата әр түрлі семинар өткізу сынды сұрақтарды қарастыруда. 




Яндекс.Метрика