Өңірлер

МГМ мен ККМ Ресейден Қазақстанға мұнайды тасымалдаудың шектеу күшін жою туралы бұйрыққа қол қойды

Мұнай және газ министрлігі Көлік және коммуникация министрлігімен бірлесіп Ресейден Қазақстанға мұнай өнімдерін тасымалдауды шектеудің күшін жою туралы бұйрыққа қол қойды, деп мәлімдеді бүгін ҚР мұнай және газ министрі Ұзақбай Қарабалин Орталық коммуникациялар брифингінде.
Астана қаласы30 Шілде , 16:27

«Біздің Мұнай және газ министрлігі Көлік және коммуникация министрлігімен бірлесіп Ресейден Қазақстанға мұнай өнімдерін тасымалдауды шектеудің күшін жою туралы бұйрыққа қол қойды. Енді бұл қызмет түрі  Ресейден аталмыш өнімді тасымалдауға ниетті кез келген азамат үшін ашық», - дейді министр.

Естеріңізге сала кетейік, биылғы жылдың көктемінде МГМ мұнай өнімдерін тасымалдауға шектеу қойып, тек мемлекеттік «ҚазМұнайГаз» компаниясына ғана рұқсат берілген еді.

«Бұл өз кезегінде Ресейден тасымалданатын мұнай өнімдерінің шектен тыс көп болуымен байланысты еді. Өйткені біздің өзара келісіміміз бар. Индекативті баланс бекітілген. Ол бойынша Ресейден кедендік баж салығынсыз мұнай өнімдерін тасымалдау көлемі көрсетілген. Бірінші маусымда біз өте көп өнім тасымалдадық. Енді түсім бірдей болуы үшін және нарықтағы мұнай өнімдері тапшылығын ұстап тұру үшін біз осы шектеуді қойдық», - дейді.

Мадина Нұрбекова 




Яндекс.Метрика