Су ресурстарына арналған жаңа саясат

ҚОСРМ-да балық шаруашылығы саласын реттейтін заңнаманы жетілдіру бойынша семинар өтті

Бүгін Қазақстан Республикасының қоршаған орта және су ресурстары министрлігінде балық шаруашылығы саласын реттейтін заңнаманы жетілдіру бойынша семинар өткізілді, деп ведомствоның баспасөз қызметі хабарлады.
Астана қаласы30 Шілде , 17:19

Семинарға ҚР ҚОСРМ Балық шаруашылығы комитетінің, ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің, ҚР ІІМ Әкімшіліктік полиция комитетінің өкілдері және облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекцияларының мамандары қатысты.

Семинар барысында құқық бұзушылар мен мемлекеттік органдар өкілдерінің арасындағы құқықтық қатынастарды реттейтін негізгі нормативтік құқықтық актілерге енгізуге ұсынылған өзгерістер мен толықтырулар, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттаманы толтырудың қағидалары қаралып, әкімшіліктік деректер базасын толтыру тәртібі түсіндірілді, сонымен қатар қолданыстағы заңнамаға қатысты бассейндік инспекциялар қызметінің проблемалары қарастырылды.

Жұмыс қорытындысы бойынша келешекте балық шаруашылығы саласындаға заңнаманы жетілдіру барысында ескеріленетін резалюция қабылданды.




Яндекс.Метрика