Өңірлер

Қашағандағы өндірісті ұстаған әр маусым үшін мердігер мемлекетке 30 млн доллар төлеуі керек – Қарабалин

Мердігер Қашағандағы өндірісті ұстаған әр маусым үшін мемлекетке 30 млн доллар төлеуі керек, деп мәлімдеді бүгін Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде ҚР мұнай және газ министрі Ұзақбай Қарабалин.
Астана қаласы30 Шілде , 16:14

«2012 жылы құрылған мемлекет пен мердігерлер арасындағы келісім шартқа сай Қашағанның бүгінгі таңда өндірістен шығып, тоқтап тұрғаны үшін әр маусым сайын олар қазынаға 30 млн доллардан төлеуі керек. Сонымен қатар, тұрбаларды қаптауға, сатып алу мен өзге де Қашаған кен орнын игеруге қатысты барлық жұмыстар бүгінгі таңда орны толтырылмас іс екені белгілі. Бұлардың барлығы мердігерлерден сұралуы тиіс», - дейді министр.

Осымен қоса ведомство басшысы мұнай өнімдерінің бағасы мен оны есептеу шарттарына да тоқталып өтті.

«ҚР Үкіметінің Қаулысымен бекітілген ережеге сай мұнай өнімдерінің бағасы өткен айдың 15-інші жұлдызы мен үстіміздегі айдың 15-і арлығындағы мұнай өнімдерінің бағасына қарай қойылады. Осылайша келесі айға мұнай өнімдерінің бағасына қатысты ұсыныстар анықталады. Сол себепті жыл соңына дейінгі аралықты біз есептеп, не болмаса алдын ала жоспарлай алмаймыз. Ай сайын алдағы айдың болжамды бағасын шығарамыз. Соған сай дайындаламыз. Сол себепті біз қыркүйек айындағы бағаны анықтау үшін тамыздың 15-іне жетуіміз керек», - дейді.

Индира Қауметова




Яндекс.Метрика