Өңірлер

Қазақстанда тамыз айында жанармай қымбаттамайды - Қарабалин

Бүгін ОКҚ өткен брифингте ҚР Мұнай және газ министрі Ұзақбай Қарабалин, Қазақстанда тамыз айында жанармай мен дизель отынының бағасы өзгермейді, деп мәлім етті.
Астана қаласы30 Шілде , 16:07

«1 тамыздан бастап жанармай мен дизельді отынның бағасы өзгермейді, олар сол қалпында айың соңына дейін қалады», - деді Қарабалин.

Жасыратыны жоқ бағаларды реттеу айсайын өткізіледі.

«Бұл дегеніңіз талқылаулар өткен соң жыл сайын баға қымбаттамайды. Өздеріңіз көріп отырғандай баға тұрақты сақталып отыр. Бүгінде Қазақстандағы жанармай көрші Ресей, қырғыстан, Өзбекстан елдерімен салыстырғандай анағұрлым арзан.  Еуропа елдерімен салыстыратын болсақ та жағдай дәл осылай», - деп ол түсіндірді.

«Біздегі жанармай ең арзаны. Алайда экономикалық ахуалды ескеруіміз керек. Біз жаһандық экономикамен үндестік тапқандық тан біз бағаны қолдан ұстап тұра алмаймыз және біз оны түсінуіміз керек», - деді министр.

Естеріңізге сала кетейік, жанармайдың бөлшек бағасы АИ-80, АИ-92 және дизельді отынның бағалары сәйкесінше 1 литрына 115 теңге, 102 теңге және 89 теңге. 

Мадина Нұрбекова




Яндекс.Метрика