Жалпыға бірдей еңбек қоғамы

Астана ХҚКО-лары қызметкерлерді қосымша жұмысқа қабылдауды бастады

Астана қаласының Халыққа қызмет көрсету орталықтарында ХҚКО инспекторы лауазымдарына бос орындар бар. Бос лауазым орнына үміткердің жоғары немесе орташа кәсіби білімі болуы керек. Бұдан басқа, колледждер түлектерінің бейіні бойынша – кемінде бір жыл жұмыс өтілі болуы тиіс, деп байланыс және ақпарат агенттігі хабарлады.
Астана қаласы30 Шілде , 19:04

«ХҚКО инспекторының жұмысы құжаттарды өңдеуден басқа қызмет алушылармен үнемі қарым-қатынас жасауды білдіреді, сондықтан да, үміткерлер тез тіл табыса алатын, жауапты болуы тиіс. Инспектордың жұмысы заңдарды, мемлекеттік көрсетілетін стандарттар мен регламенттерді білумен байланысты болғандықтан, жоғары білімі және заң саласында еңбек өтілі бар адамдарға артықшылық беріледі»,- дейді «ХҚКО» РМК Астана қ. бойынша филиалы директорының орынбасары Аенкуль Шаймерденова.

Халыққа мемлекеттік қызмет көрсететін ХҚКО инспекторларының міндеттеріне қызметтерді алуға өтініштер қабылдау, құжаттардың бекітілген стандарттарға сәйкес келуіне тексеріс жүргізу, дайын құжаттар беру және т.б. кіреді.

«Егер лауазымға үміткер біліктілік талаптарына сәйкес келсе, ол тестілеуге жіберіледі. Келесі кезең – әңгімелесу. Егер адам тестілеуді сәтті тапсырса, ал бос орын қалмаса, онда адам ХҚКО-ның кадрлық қорына автоматты түрде қойылады», - деп атап өтеді Аенкуль Шаймерденова.




Яндекс.Метрика