Өңірлер

Қазақстанда жарты жыл ішінде 21 млрд текше метр газ өндірілді – Қарабалин

Бүгін ОКҚ брифингінде мұнай және газ министрі Ұзақбай Қарабалин Қазақстанда жарты жыл ішінде 21 млрд текше метр газ өндірілгендігін айтты.
Астана қаласы30 Шілде , 15:55

Өз кезегінде тауарлық құрғақ газдың өндірісі 14 млрд текше метрді құрады, тығыздалғаны 1 млн 186 мың тонна. Сондай-ақ, табиғи газды қолданудың ішкі тұтынуы өсті. Жарты жыл ішінде 6,9 млрд текше метр табиғи газ қолданылды.

«Бұл өткен жылдың көрсеткішімен салыстырғанда 120 пайызға тең, бұл өңірлерді газбен жабдықтау бағдарламасының сәтті жүзеге асып жатқандығын білдіреді. Ол газбен жабдықтаудың бас схемасымен толықтырылады», - деді ол.

Министр атап өткендей, 6 ай ішінде КазТрансГаз Азия газ құбыры арқылы біздің ел аумағымен 46 млрд текше метрді газды тасымалдады.

Мадина Нұрбекова




Яндекс.Метрика