Өңірлер

Қашаған кен орнына жаңа құбырлардың алғашқы тобы 2014 жылдың желтоқсанында жеткізіледі - МГМ

Ағымдағы жылдың желтоқсан айында Қашаған кен орнындағы ескі құбырлар жаңасына алмастырылады. Бұл туралы ОКҚ өткен брифингте ҚР Мұнай және газ министрі Ұзақбай Қарабалин мәлім етті.
Астана қаласы30 Шілде , 15:49

«Жаңа құбырларды дайындау ағымдағы жылдың тамыз айына белгіленіп отыр. Алғашқы легі 2014 жылдың желтоқсан айында жеткізіледі. Айта кетерлік жайт, жұмыстың кестеден ауытқымай жүруі үшін құбырларды құру үшін баржалардың болғаны жөн. Бұл өте маңызды мәселе, оған жұмыстың уақытылы бітуі байланысты және осы тұрғыда мердігерлер жұмыс істеуде», - деп сендірді министр.

Ұ. Қарабалин  мәлім етекендей, мұнай өндіру 2016 жылдың бірінші немесе екінші жарты жылдығында қайта басталады.

«Қазіргі таңда жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспары жасақталған. Екі үлгі бар: жөндеу жұмыстары ойдағыдай басталса мұнай өндіру 2016 жылдың бірінші жартыжылдығында немесе газқұбырын құрылысы толығымен біткен кезде 2016 жылдың екінші жарты жылдығында басталады. 

Ведомсвто басшысының айтуынша, зерттеу нәтижесі көрсеткендей кенорнында 200 км құбырды ауыстыру керек.

«Жалпы, сараптама қорытындысы бойынша мұнай және газ құбырларының барлығы толығымен ауыстырылуы керек. Бұл дегеніңіз 200 км құбыр толығымен амастырылатын болады», - деді министр.

Индира Кауметова




Яндекс.Метрика