Экология

«Көлсай көлдері» ұлттық паркінде орнатылған фотокамералар барыстар тобын түсірді (ФОТО)

«Көлсай көлдері» Мемлекеттік ұлттық табиғи парк аумағында жануарларды аңдитын автоматты камералардың (фотоқақпандардың) объективтеріне тұңғыш рет үш барыстан тұратын топ түсірілді, деп қоршаған орта және су ресурстары министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Алматы 30 Шілде, 16:46

Барыстар теңіз деңгейінен 2600 м биіктікте Кіші Өрікті шатқалында, ұлттық парктің қорық режимді аймағында түсірілді. Камералар барыстың аналығы мен оның былтыр туып, өсіп қалған екі күшігін түсіріп алған.

Камера объективтеріне сондай-ақ сол аумақты мекен ететін басқа да аңдар – тяньшань қоңыр аюы, түркістан сілеусіні және барыстың негізгі қорегін құрайтын жануарлар: таутеке, марал, елік, қабан, құм қояны іліккен.

Барыстың іздері ұлттық парктің басқа да шатқалдарында кездесетіндіктен, олардың аумақтарға таралуы мен санын анықтау үшін фотоқақпандар қолданылатын зерттеулер өрісі кеңейе түспек.

Барыстың тыныс-тіршілігін зерттеу «Көлсай көлдері» МҰТП мен ҚР білім және ғылым министрлігінің Зоология институтының ғылыми ынтымақтастығы шеңберінде жүргізілуде.





Яндекс.Метрика