ҚР ИИДМБ

«Экотон-Батыс» қуаттылығын көбейту өнімділікті 20%-ға арттырды

Ақтөбелік «Экотон-Батыс» кәсіпорны қуаттылықты көбейту арқасында өнімділікті 20%-ға арттырды, деп облыс әкімдігінен хабарлады.
Ақтөбе30 Шілде , 19:24

«Ағымдағы жылы елордада  ЭКСПО-2017 нысандарының құрылысы басталғалы актөбелік зауыттың газды бетонына сұраныс артты. Осы ретте жыл басынан бері кәсіпорын өз қуаттылығын арттырып, өнімділік 20%-ға өсті», - делінген хабарламада.

Айта кетерлік жайт, зауыттың өніміне деген сұраныс көп. Ішкі нарықта газды бетонға сұраныс қаншалықты жоғары болса, жақын шет мемлекеттерде де жағдай дәл осындай.

Сонымен қатар, кәсіпорын байқау көрмесінің «Қазақстанның үздік тауары-2010» номинациясының дипломанты атанды.

Естеріңізге сала кетейік, зауыт 2008 жылы ҮИИД МБ шеңберінде іске қосылды. Онда жоғары сапалы газды бетон өндіретін немістің  YTONG технологиясы орнатылған.




Яндекс.Метрика