Дамыған 30 елдің қатарына ену талаптар мен көрсеткіштер

Н. Назарбаевтың қатысуымен әлеуметтік-экономикалық дамудың өзекті мәселелері жөнінде кеңес өтті

Астанада Мемлекет басшысының қатысуымен елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының өзекті мәселелері жөнінде кеңес өтті, деп Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Астана қаласы30 Шілде , 15:11

Кеңеске Премьер-Министр К.Мәсімов, Президент Әкімшілігінің Басшысы Н.Нығматулин және Президенттің көмекшісі Е.Орынбаев қатысты.

Кеңеске қатысушылар биылғы 7 айдағы елдің әлеуметтік-экономикалық даму қорытындыларын, Қазақстанның әлемдегі дамыған 30 мемлекеттің қатарына кіруін қамтамасыз ету жөніндегі шаралардың жүзеге асырылу барысын, сондай-ақ алдағы кезеңге арналған басымдығы бар міндеттерді қарады.  

Нұрсұлтан Назарбаев экономика мен әлеуметтік саланың негізгі мәселелеріне арналған кеңейтілген Үкімет отырысын өткізу қажеттігін атап өтті.

Сонымен қатар, Украинадағы ішкі саяси ахуалдың және сонымен байланысты халықаралық оқиғалардың отандық экономиканың дамуына  ықпал ету ықтималдығының түрлі аспектілері талқыланды.

Кеңес қорытындысы бойынша Мемлекет басшысы бірқатар нақты тапсырмалар берді. 




Яндекс.Метрика